Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ТАЛДЫҚОРҒАНҒА «СЕРГЕК» ҚОЙЫЛДЫ, БІРАҚ ЖОЛ АПАТЫ АЗАЯР ЕМЕС

31 тамыз 2022
САЯСАТ
ТАЛДЫҚОРҒАНҒА "СЕРГЕК" ҚОЙЫЛДЫ, БІРАҚ ЖОЛ АПАТЫ АЗАЯР ЕМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы кезде облыс аумағында жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Биыл жыл басынан бері 281 жол-көлік апаты орын алып, 528 адам зардап шеккен. Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша, көлік апатының басты себебі көбіне жоғары жылдамдық болып отыр. Есепті кезең ішінде 116 жол көлік оқиғасы жылдамдық асырғандықтан орын алған.

Ең қорқыныштысы, жыл басынан орын алған 53 жол-көлік оқиғасынан 75 адам қаза тапқан. Олардың бәрі де жол белгілерін ескермегендіктен апатқа ұшыраған. Сондай-ақ, кісі өліміне апарған жол апаты негізінен жаяу жүргіншілерге қатысты болған. Атап айтқанда, Алакөл ауданында 10, Кербұлақ ауданында 9, Ескелді ауданында 8, Сарқан ауданында 7 жаяу жүргінші көлік апатынан көз жұмған.

Мамандар жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын күндерді анықтапты. Яғни, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 13.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта жол апаттары көп тіркеледі екен.

Жол бойындағы апатты азайту мақсатында тәртіп сақшылары қосымша шараларды қолға алып, республикалық маңыздағы жолдарды қадағалауды күшейткен. Атап айтқанда, көлік қозғалысының қауіпсіздігін бақылайтын жол-патруль қызметінің ротасы батальонға айналдырылып, жеке құрамның штаттық саны артқан. Одан бөлек, аймақта «Сергек» бақылау камераларын көптеп орнату мәселесі қолға алынып жатыр. Алдағы күндері облыс орталығына 50 бейнекамера, облыс аумағына 400 бейнекамера орнатылады. Қазірдің өзінде Талдықорған қаласына 5 «Сергек» бейнекамерасы жұмыс істей бастады.

Талдықорғандағы «Сергек» камералары Жансүгіров-Балпық би, Біржан сал-Гауһар ана көшелерінің қиылысында, айналма жолдың Алматы және Үштөбе бағыттарында және Жансүгіров бойында (политехникалық колледжге қарама-қарсы) қойылған. Полиция департаментінің өкілдері аталған камералар қазірше сынақ түрінде жұмыс істейтінін, ешқандай айыппұл салынбайтынын айтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.