Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Талдықорғанда оқушылар арасында «Заң мен тәртіп» апталығы өтті

18 мамыр 2026
САЯСАТ
Талдықорғанда оқушылар арасында «Заң мен тәртіп» апталығы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда облыстық прокуратураның бастамасымен «Заң мен тәртіп» идеологемасын жүзеге асыруға бағытталған апталық өтті. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыру.

Апталық аясында оқушылар кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дропперлік әрекеттердің алдын алу тақырыптарында түрлі сахналық көріністер қойып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шығармашылық тұрғыда көтерді. Сала мамандарының айтуынша, құқықтық тәрбие мен дұрыс құндылықтарды қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Себебі жас ұрпақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білім ордасында үйренеді.

Жобаға қаладағы 28 мектептің оқушылары қатысып, олардың арасынан 6 команда үздік деп танылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті. Өйткені құқықтық білім – қоғамдағы тұрақтылықтың, тәртіп пен қауіпсіздіктің басты кепілі.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты облыстық қорытынды шара барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Сонымен қатар құқықтық мәдениетті насихаттауға үлес қосты.

Іс-шараны ұйымдастыруға облыстық прокуратура, облыстық полиция департаменті және облыстық білім басқармасы мұрындық болды. Мамандардың пікірінше, осындай бірлескен жұмыстар жас буынның саналы әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына оң әсер етеді.

Апталық 6 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбындағы флешмоб, театрлық қойылым, қысқаметражды бейнеролик, үгіт-насихат тобының жұмысы, жасанды интеллект платформалары арқылы әзірленген сторителлинг-квест пен қысқаметражды мультфильмдер, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға арналған интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «ЖЕТІСУ» газеті / 7-su.kz веб-сайты (@7su.media)

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.