Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жетісуда жол апаты азаймай тұр

4 наурыз 2025
САЯСАТ
Жетісуда жол апаты азаймай тұр
WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі кезде облыста «темір тұлпардың» салдарынан жол оқиғалары жиілеп барады. Көлік апатының күнделікті өсуіне байланысты, сондай-ақ, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту және жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ақпан айында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған «Қауіпсіз жол» 348 полиция қызметкері, оның ішінде 176 патрульдік полиция, 142 учаскелік инспектор және басқа да  30 қызметкер жұмылдырылды.

Облыс бойынша 2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 64 жүргізушіге, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостансыны пайдаланғаны үшін 182, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін  114 әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйде басқарған 10 адамды ұстаған. 

Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Қайсар Мұхметов аймақта тіркелген жол-көлік оқиғасында ажал құшқан адамдардың саны артқанын айтып дабыл қағуда.

 – Жыл басынан бері облыста 121 жол-көлік оқиғасы орын алды. Былтыр осы кезеңде 46 көлік оқиғасы тіркелген еді. Адам өлімі мен жарақат алғандар саны да едәуір өсті. Біз «СЕРГЕК» автоматты бекіту жүйесі, «Ekin-Patrol» автоматты тіркеу жүйесі қосылған камералар орнаттық. Одан басқа жасырын түсіретін камераларымыз бар. Жыл басынан осы құрылғылармен 8 мыңнан астам әкімшілік заң бұзушылық анықталды. 120 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. Республика бойынша жол-көлік оқиғасы санынан 11-орында тұрғанбыз. Өкінішке қарай, биыл жол апаты өсіп, 9-орынға көтерілдік,  – дейді ол.

Облыста тіркелген көлік апатының басым бөлігі Талдықорған қаласында болған. Ең сорақысы, жыл басынан бері 15 адам қаза тапса, соның жетеуі мас күйінде көлік жүргізген шопырлардың қатысуымен екен. 

Қуантарлығы, шағын электр көлігі құралдары мен самокаттарды пайдалану ережесі бекітілгелі мопед тізгіндегендердің жол-көлік оқиғасы азайыпты. Бүгінде облыс бойынша 54 мопед иесі тіркеуден өткен. 

Полиция қызметкерлері жол апаттарының санын азайту үшін түрлі шара ұйымдастыруда. Бірақ жол-көлік қозғалысын бақылау тек құқық қорғау органдарының міндеті деп бар мәселені жүктеп қоюға да болмайды. «Темір тұлпар» тізгіндегендер жол жүру ережесін қатаң түрде сақтап, тәртіпке бағынса, жан түршігерлік жол апаттары орын алмас еді. 

Айдар ҚАЛИЕВ
Фото: qamshy.kz 
 

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.