Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Бір қадам – мың өкініш

19.04.2025
ҰЛТ ҰЯТЫ
Бір қадам – мың өкініш

Есірткінің зардабы ауыр. Бұл – бүгінгі қоғамның дерті. Еліміз есірткіні қолдану жағынан әлемдегі 10 елдің көшін бастап тұрғаны жанымызға батады.

Бейресми деректерге сүйенсек, 18 мың 300 есірткіге тәуелді азамат тіркелген. Олардың басым көпшілігі жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар. Мемлекет тарапынан бұл бағытта түрлі жұмыс жүзеге асырылса да бұл індеттің тамыры кесілер емес. 

Зерттеушілер есірткіге ең тәуелді топ деп жасөспірімдерді анықтаған. Себебі адамның тұлғалық қалыптасу, өзін-өзі тану, ересек өмірге аяқ басу уақыты дәл осы шақта жүзеге асады. Көп жас «Мен кіммін?», «Менің орным қайда?», «Өзгелерден қалай ерекшеленемін?» деген сауалмен оңашада арпалысатыны анық. Бұл – өтпелі кезең. Психолог мамандар дәл осы шақта жасөспірімдерде психологиялық тұрақсыздық орын алатынын айтады. Эмоциялық күйзеліс, түрлі отбасылық мәселе жастардың есірткіге бір қадам басуына жетелейді. Осылайша жас буын арасында есірткі тұтыну «сәнге» айналуда. 

Бүгінгі таңда жастар есірткіні тек тұтынып қана қоймай, оны жеткізу қызметтерімен де айналысуда. Кейінгі жылдары ғаламтор арқылы есірткі сату мен тарату тым қарқын алуда. Әлеуметтік желіде есірткі сатушылар заңсыз жарнама жүргізеді. Көбіне бейнелер немесе сілтемелер арқылы жасөспірмдердің назарын өздері аударады. Жоғары жалақы, жеңіл жұмыс туралы жарнама жасап, жастарды жұмықса шақырады. «Жеткізу қызметін атқарып, қыруар ақша аламыз» деп желпінген жеткіншектер бірден бұл ұсынысты қуана қабылдайды. Осылай жұмысқа шақырып, аталған затты екінші жерге жеткізетін «курьер» ретінде пайдаланады. Ұсынысты қабылдаған кезде өздерінің есірткі тасымалдаушыға айналғанын білмей қалады. Есірткі сатушылар жастардың әлсіз тұсын дәл тауып,  заңсыз әрекетке баруға еріксіз итермелейді. Жалған ақпаратқа сеніп, есірткі әлеміне қадам басып, қыруар ақшаны қалтаға басамыз дегендер соңында сан соғып қалады. 

Есірткі саудасының жастар мен жасөспірімдер арасында таралуы қоғам үшін үлкен қауіп. Сондықтан жастарға мұндай жағдайдан қалай сақтану керектігін үйрету керек. Жұмыс іздегенде міндетті түрде ресми келісім талап етуі тиіс. Есірткі саудасының қаупі мен салдары жайлы отбасында, мектепте, қоғамда жиі айтылса жастар жаман әдеттен жиренер еді. 

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ студент

Фото: pdo-zhambyl.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.