Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Сәкен Сыбанбай: «Күйеуі қайтыс болған келін ғана сәлем салмайды»

19.01.2025
ҰЛТ ҰЯТЫ
Сәкен Сыбанбай: "Күйеуі қайтыс болған келін ғана сәлем салмайды"

Келіннің «сәлем салуы» деген бір ғажап дүние ғой. Салушы да ырза – бата алды, бұл тілек оның өзіне, тіпті ұрпағына құт болып дариды. Сәлемді алушы да мәз. Өзінің сол әулет – ауыл – ру – орта – қауым ішіндегі орнын, бағасын сезініп, сол құрметке үнемі лайық болып жүру керек екенін сәт сайын ұғына түседі.

Бұрын аса мән бере қоймаған екенбіз, енді өзіміз қайнаға-қайыната атана бастаған соң, көңіл бөле қарайтын болдық. Ауылға  барамыз, қаладағы ағайын-туыс, дос-жаранның той-жиынына қатысамыз. Келіндер сәлем салса кәдімгідей мәз болып қаламыз-ей. «Бақытты бол, шырағым!», «Ұл тап, қарағым!», «Көп жаса!» деп, қанаты жарым қарғадай қалбалақтап барып, өзіміз жауап-сәлем жасай жаздап, әрең тоқтаймыз. Ырзашылық қой! Көңіл ғой, шіркін! 

Ал сәлем салмаса… Жасыратыны жоқ, тым ескішілміз бе, ішімізге кіп алып, кіділеніп, тымырайып қаламыз. Бұрын соны ескертуді әбес санаушы ем, кейінгі уақытта иілмей кекірейген келіндерге қасақана, «нагло», «көп жаса, айналайын!» деп кекететінді шығардым. Ұяты барлары енді ғана көргендей өтірік икемсіздеу иілген болады, ал ұяты жоққа – қашанда дауа жоқ…

Дегенмен… Бірде әлдебір тойда бір келінді қатты шошыттым. Сәлем салмай, «Амансыз ба» деп күлімсірей салды. Сосын хал сұрасып тұрып: 
– Келін шырағым, талай уақыт болды көріспегелі, «көңіл көрген жерде» деген, інімнің иманы саламат болсын, бара алмадық, – дей беріп ем: 
– Ойбай, ініңіз аман ғой, қазір келеді, тек жұмыстан босай алмай жатыр! Кім айтып жүр өлді деп! Қате информация! Шатастырған шығарсыз! Қазір ешкімге сенуге болмайды!
Қалшылдап кетті. 

– Ойбұй, аман болсын дәйім, бұрыс ұққан мен шығармын онда. Кешір, айналайын. Оның үстіне, күйеуі қайтыс болған келін ғана сәлем салмаушы еді, қайдан білейін… Кісі аяйтындай сипақтап, аңқауси қалдым. Ебедейсіз иілген болып, «кешіріңіз» деді де, қашып кетті. Той соңына дейін маған жолығып қалмауға тырысып, анадайдан айналып жүрді. Ұялғанының, түсінгенінің өзі әдемі. Есінде қалады да…
Қазақы қалыпты сақтау да қиын «жұмыс» болып барады-ау….

Сәкен Сыбанбай, 
журналист
Алматы қаласы
Фото: abai.kz 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.