Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЗАҚ МАНАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

22.12.2024
ЖАНСАРАЙ
ҚАЗАҚ МАНАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

Жыл сайын Қырғызстанда дәстүрлі шара – Манас күні кең көлемде аталып өтеді. Ұлттық деңгейде айрықша маңыз берілетін бұл шараға елдегі бүкіл манасшылармен қоса дәстүрлі өнер, зиялы қауым өкілдері жиналып, бірнеше күн бойы келелі әңгіме өрбиді.


Биыл бұл шараға қазақтан шыққан жалғыз манасшы, ақын, жазушы, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Баянғали Әлімжанов арнайы шақырылып, үлкен құрмет көрсетілді. Жағымды жаңалықты бөлісуіміздің бірден-бір сыры Баянғали ақын Жетісудың жерінде, Талдықорғанның төрінде сан мәрте жырдан шашу шашып, ел ықыласына бөленген. Қырғыздың ұлттық Манас театрының директоры Нұрбек Талантбеков жіберген арнайы шақыруда дүниежүзі бойынша өзге ұлттан шыққан жалғыз манасшының 70 жылдық мерейтойының осы шара аясында аталып өтетіндігі, соған орай ұшып барып-қайту, елде болу шығындарын бауырлас тараптың көтеріп алатындығы атап айтылды. 

Маңызды шара 2 желтоқсан күні манасшылармен кездесуден бастау алды. Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Назарқұл Сейдрақманов бастаған дәстүрлі өнер шеберлерімен қоса белгілі айтыс ақындары, қомузшылары, ыршылары бас қосқан шара барысында жерлесіміздің өңіріне «Манас» ұлттық театрының «Ибарат» (қазақ тілінде ғибрат, өрнек, үлгі, мысал деген мағынаны білдіреді – Н. Ә.) медалі тағылды. Өз кезегінде жерлес ақын қырғыз бауырларға өзінің «Жер иісі» атты кітабын сыйға тартты.

Осы жерде шетелге шығатын бағдарлама аясында да, ресми емес түрде де ғибратты әңгімелер айтылып, пікір алмасылды. Кешке қарай жұртшылық Тайторының шабысы жайындағы театрландырылған көріністі тамашалады. Осылайша бір туған қырғыздың өз тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірін жаңғыртып жатқаны байқалды. Мұндағы мақсат – дүние жүзіне әйгілі «Манас» жырын, жалғыз Манас қана емес, басқа да ата-баба мұраларын жас ұрпақтың зердесіне құйып, жете насихаттау дер едік. 

3 желтоқсан күні Қырғызстанның тарихи музейінде Манас батырға арналған бөлім ашылды. Елдің Мәдениет министрінің орынбасары, үлкен қайраткерлері мен ақын-жазушылары қатысқан шарада Баянғали ақын тұсау кескендердің қатарында болып, үлкен құрметке бөленді. 

Дәл осы жерде бір күнге созылатын жас манасшылар байқауы өтіп, сол елдегі корей, орыс, түрікмен, әзірбайжан, өзбек, грузин балалары өнер көрсетті. Жеңімпаздарға Баянғали Әлімжанов атындағы диплом мен ақшалай сыйлықты қазақ ақынының өзі тапсырды. 

Жүсіп Баласағұни атындағы университетте осы тақырыпта өткен ғылыми конференцияда жерлесіміз  «Манас» эпосын зерттеуге қомақты үлес қосқан белгілі қазақ ғалымдары Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұландармен қоса кезінде қырғыздың Таласы, Манас жайында жыр жазған ақын Мағжан Жұмабаев жайында, қазақ елінің де Манасты қадір тұтатындығы жөнінде кеңінен толғады. 

Қазақ ақыны домбырасын қолға алып, тереңнен тербеп толғанып:
Айналайын қырғызым,
Тәп-тәтті болған тілің бар,
Телегей-теңіз жырың бар,
Өзіме тартқан түрің бар.
Байтақ жатқан қазаққа
Ағаңдай көріп еркеле, 
Інімдей болып еркеле.
Он сегіз мың ғаламда 
Еркелігіңді көтерер
Қазақтан басқа кімің бар?! – 
деп шалқығанда ақ қалпақты қырғыз ағайын орындарынан дүрк көтеріле тұрып дуылдата қол соқты. Өрелі сөз тебіренткен жұртшылық ақынды көпке дейін сахнадан жібермей қол соғып тұрып алды. 

Қазақ ақынына құрметтің бір парасы Сыртқы істер министрлігінде көрсетілді. Министрдің орынбасары Баянғали Әлімжановты қабылдап, ізет білдіріп арнайы сыйлық тапсырды.

Негізгі шара – «Манас күні» өткен 4 желтоқсанда гала-концерт ұйымдастырылып, тоғыз ұлттың манасшылары кезекпен өнер көрсетті. Бұл шара барысында да жыршыларға телегей-теңіз құрмет көрсетілді. Соның бірін атап өтер болсақ, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары шығып сөйлеп, қазақ ақынына Жоғарғы Кеңестің Разышылық хатын (Алғыс хатын) тапсырды.

Алдын ала кеңінен ойластырылған шаралар тізбегі мұнымен де аяқталған жоқ. 5 желтоқсан күні Қырғызстанның ұлттық кітапханасында Баянғали Әлімжановтың жеке шығармашылығына арналған кездесу өткізілді. Жылы жүзбен өткен бұл жиында жазушы өзінің «Абылайхан мен батырлары» атты кітабының төрт тілде жарық көрген нұсқасын кітапхана ұжымына сыйлады.

Кітапханадағы Абай залында өткен жиынға Қырғызстан Республикасының батыры Медетқан Шерімқұлов ақсақалдың өзі қатысты. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан қадірменді қария қазақ ақынына шын жүректен шыққан алғысын айтып, ақ батасын берді, өз қолымен шапан жауып, қалпақ кигізді. Осылайша бір туған қырғыз ағайындар қазақ ақынын алақандарына салып аялады.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.