Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАТАГӨЙЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

27.12.2024
ЖАНСАРАЙ
БАТАГӨЙЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Жаркент қаласында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен өңірдегі еңбек ардагерлері ұйымының ұйымдастыруымен «Батагөй» атты байқау өткізілді. Ұлтымыздың ұрпағын ақ ниет, жүрекжарды тілегімен тәрбиелеуді мирас еткен дәстүрін жастарға насихаттауды мақсат еткен шараға аудандағы барлық округтерден алдын ала іріктелген 10 батагөй қария қатысты.


Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов сөз сөйлеп, байқау тек жарыс, жүлде үшін емес, өңірдегі мектептерден арнайы шақырылған жоғары сынып оқушыларына ата салтымыз бен дәстүрімізді танытуға, тек қазақ халқында бар кез келген жақсы істі үлкеннің батасымен бастайтын әдет-ғұрпымызды сақтап қалу мен дамытуға бағытталғанын айтып өтті.

Байқауда қатысушыларға өзі дайындап келген және тосын тақырыпта бата беру шарты қойылды. Сонымен бірге әділқазылар алқасы батагөйлердің сахнада ұстау мәдениетін, тақырыпты аша білу шеберлігін, бата сөздерінің жатықтығын, ұйқасын, ұлағатын сараптады. Нәтижеде Жаркент қаласынан қатысқан Қабиден Жайшыбеков қария байқаудың барлық шарттарын үздік орындап бірінші орынға ие болды. Шолақай ауылының батагөйі Бердіқожа Жанаманов пен Бағдәулет Әшкеев екінші, Көкталдан келген Сайлау Солтанқұлов, Басқұншы ауылдық округінің батагөйі Нөкен Туғанбаев және талдылық Әбдірахман Көпесов үшінші орынды місе тұтты. Жалпы бата додасына қатысқандар байқаудан құралақан қайтқан жоқ.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
 Панфилов ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.