Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бүгін Сайын Мұрабековтың туған күні

15.10.2023
ЖАНСАРАЙ
Бүгін Сайын Мұрабековтың туған күні
WhatsAppTelegramFacebook

Омырауындағы сәбиінің шашынан аса ұқыптылықпен, мейіріммен иіскеген ана секілді мынау барқыт жонның желегіне, манат тау қойны-қолатына тұтаса біткен майсасына сия сауыт пен қаламды серік еткен саусақтарын салалай ашып, алақан қондырыпты. Қияқ пен ұшқат, бүлдіргені, жусан мен алаботасына дейін аялағысы келеді. Елжірей еркелеткісі бар. Туған жерге деген перзенттік махаббат па, парасаттың биігіне шыққан қаламгердің табиғатқа деген дарқан мейірі әлде пенделіктен шалқи жөнелген көл-көсір сезімі ме, өзі де дәп басып айта алмайтындай. Әйтеуір, бір ұғынықтысы Жетісу топырағының ең биік нүктелерінің бірінде орналасқан Қоңыр ауылында қоңыраулатып ержеткен, егде тартқан ол қайда жүрсе де осынау тұмсамен тұтаса тірлік кешіпті. Ғұмыр сүрдегіндегі қансіңді бейнетке малынған елінің тер мен жасын шылқи басыпты.

Тер мен жасты басыпты дегенім, құндылық пен қасиетті таптапты дегеннің ұшығы емес. Қасам еткен қас батырлар мен тілерсегі дірілдесе де тізгінқақты ұранмен ұрыс даласына аттанған ауыл азаматтарының майданда қан кешкеніндей, еңбек даласында азып-тозған, ауыр міндет арқалай жүріп маңдайдан тер, жанардан жас ағызған жаулықтылардың қасіреті мен қасиетін қатар сезіп, түйсінгені дегенім болар.

Тұтаса келген ойды тармақтай талдағанда қайсібір жазушылардай емес, қасиетін танып, қасіретін сезгені, түп жусаны мен тамырсыз тасын, буынды шөбі мен бұлтты аспанын көкірек көзімен ұғынғанына шүбә жоқ-ау. Сондықтан да болар, Қоңырдың солтүстік шығысынан басталып, анау манат тауға сұғына кірген шатқалдың тасынан қашып, топырағына біткен жабайы алмаларының дәмін бейнеттің кермегімен, ұрыс даласындағы майдангерлердің запыранымен қатар әспеттепті. Ақ парақ бетіне әдептеп түсірген бірінші, екінші, үшінші сөзі тұтаса келе сөйлем түзсе, елінің күллі қасіреті, туған жерінің тұтам-тұтам тарихы тамырласа келе романға бергісіз повеске айналып сала берген-ді.

Қара қаншық иттің күшіктерін шұбыртып, өткір азуын өмірге ақсита қарағанын, одан ауыл балаларының тайсақтайтынын мөлдіретіпті. Соғыстан жарақат алып оралған ауылдасының ашкөздікпен жесірлерді «жарылқап», түнқақты шаруа арқылы төменетектілердің тән табынан жылынғанын жери жазыпты. «Жабайы алманың» киесі ұрған баланың жарық ғаламнан жанар үзгенін де мінсіз бедерлепті.

Ойлап қарасақ, осынау бір шығарманың өзінде ұлы тарихтың өзегі, қазақ халқының ең ауыр кезеңі суреттеліп тұрған жоқ па? Құдай-ау, «Қара қаншық» деп суреттеген әлгі күшіктегіш неме қазақ басындағы қасірет емей не? Сонау «Ақтабан шұбырынды» кезеңінен бері сан рет күшіктеген, қасиетің мен киеңнің үстіне алдыңғы қос аяғын иегіне төсеп жатып алған қасіретің «Қара қаншық» емей не? Ит те, қасірет те күшіктегісі келмей ме? Оны неге тірісінде замандас-қаламдастары аңдап: «осы бір кейіпкерің шығармаңның тіні, ғажайып өзегінің бірі еді», – деп айтпады екен?!

Түбіт шәлісін самайынан иығына дейін жапқан, белін бекем буынған қазақтың қайран әйелдері-ай. Сендерге тағар қандай кінә бар? Қан майданнан қара қағаз алған, жар құшағын жалқы сәт аңсаған опалы баламдарыңды опасыздыққа жори алдық па? Сайын Мұратбеков те «Жабайы алмасында» ондай кемшілікке барған емес. Парасатпен бастап, парасатпен тұжырған. Ал «Жусан исі» қандай еді? Қатарластарының соңынан сылтып басап, мұңдана «Тоқтаңдаршы» деп жалынатын, жәбірленетін Аянның ақық жүрегіндегі мұң-мен шерді кім ұққан? Кейіпкерді кіммен салғастыра-салыстыра аламыз. Күшіктегіш қасірет пен қара қаншық бейнесі тым жақын көрінгенімен, оны жоққа таңар жазармандар да табылар. Сол секілді ақсақ Аянның бейнесі сол қазағының өз бейнесі емес пе? Арыстарын қырып салып, зиялыларын жоқ қылған ХХ ғасырдың қазағы қатарлас елдерінен едәуір артта қалып, жәбір мен жапаның, «ақсақтықтың» дертін ембеді ме? Ойпыр-ау, бір кейіпкерінің өзінен қоғамдық, адамзаттық қасірет пен қасиет, махаббат пен мехнатты ашық көрсете алғаны сұңғылалық һәм шынайы суреткерлік емей не? Әлде сағымнан бағын іздеген қиялшыл жандай мен ғана әсіре әсерленіп, түбірсіз тебіреніп кеттім бе? Сайын мен ойлағандай биікте емес пе?

Әйтеуірі көз алдыма Сайын Мұратбеков десе сия сіңген саусақтарын барынша ашып, аялы алақанын мақпал жонға төсейтін, туған жердің ыстық табын жалын атқан махаббатымен тоқайластыратын тәкәппарлықтан ада, жаны жібек жазушы елестейді. Елестейді деймін-ау, көз алдыма сырбаз, сұңғыла, сезімін ада-күде тасқындата салмайтын, сырын да сыздықтата ашатын тым жұмбақ, табиғаттай сәруар жаратылыс келеді. Содан да болар тұтас шығармасына туған жерін арқау етсе, тақырыптарын «Жабайы алма», «Жусан иісі» деп алып, әйтеуір сайын даласына біткен өскін, не тұнған шық-қырау секілді дүниелермен сабақтайтыны?!

Мұқым даласының мұңына ортақ болған қаламгердің тұтас томдығының бүйірін толтырған әр шығарманы жекелей атап, талдауға, ғажайыптануға, таңдануға негіз бар. Сол секілді шығармашылық шыңының бірі – «Басында Үшқараның…» әңгімесінде жатыр.  Сюжетсіз әңгімеде бәлендей оқиға желісі болмағанмен, арманшыл Әсеттің туған жерден біршама жырақтап кетіп, араға жиырма шақты жыл салып өскен мекеніне ат ізін салатыны, сонда балауса бедердің ізін елестететіні қалада тірлік кешкен біздің түпсанамызға қозғау салатыны анық. Әсеттің көзімен бейне өзіміздің өткенімізбен кездескендей, өз ауылымызды, өзімізді-өзіміз қайта танығандай боламыз. Бұл тұрғыда кемел қаламгер: «Әсет далаға көз тастаған. Сол баяғы талай рет аттылы-жаяулы жол шеккен бел-белестері. Бұрынғысынан басылып, кішірейіп, көзге қораш тәрізденіп қалған. Бұрын стансы мен ауыл арасы өте алыс көрінуші еді, енді қараса, мына тұрған жер сияқты. Есінде өзінің шаршап-шалдығып жаяу жүрген кездері қалыпты, әнеу бір дөңесте демалғаны, әнеу бір жырада шөлдеп кеп бұлақтан су ішкені – бәрі де қазіргідей анық есінде», – деп суреттейді.

Тотияындай көкке талпынған арманшыл көңілдің аңсарындағы қылаудың қылауын көретін көрегендік қаламгер қаламының қуаты іспетті. Әсеттің жан сезімі, құрдастарының құрмаласқан тілігі, алғашқы махаббаты Зағипаның: Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда, апырмай, неге келдім сол арадан…», – деп «Басында Үшқараның» әнін әуелетіп, өткенді аңсауы адамзат баласының аңсар сезімі емес пе? Жеткізбес алыс арманды ойлап, сағыныш пен сарылыс ортасында жалтақтап, «Не үшін өмір сүріп жүрміз осы?», «Не үшін тірлік етеміз?», «Аңсаған шақ, қимас сәттер неге баянсыз болады, осы?», – деген сауалға түскен жанның екіұдай ойы біздің де көкіректе әлди-әуенін салады-ақ. Ал осындай жан сезімді ақтаратын, ақық ойды алаулатып беретін жазушының тұтас шығармашылығына тамсанбау мүмкін бе екен?..

Салалы саусаққа қапсырған қаламынан қазаққа ортақ мұратты іздеген, әсіресе туған жердің тылсым сырын ұғынып, тұнығын қорғаштап, әр өскінін мәпелей суреттеген Сайын Мұратбековтің Қоңырдың тауына қарап ойланған бейнесін, асқақ тұрпатын әлі де елестетемін. Медиеннің мақпалымен, табиғаттың тылсымымен, таулардың асқақтығымен, көлдер мен өзеннің өршіл, тереңдігімен тұтасып кеткен рухы, бәлкім «Сайын даланың Сайыны» деген атаудың да анық анықтамасы шығар, кім білсін?!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.