Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БІЛІМНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

21.12.2024
ЖАНСАРАЙ
БІЛІМНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Ақсуда «Мамания» мектебінің 125 жылдығына орай «Қарағаштағы білімнің қара шаңырағы» атты облыстық байқау өтті. Байқауды облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.


Жетісу өлкесінде алғаш ашылған білім шаңырағын Маман –Тұрысбек әулеті салдырған. Бұл байқаудың мақсаты – мектептің тарихи мұрасын қайта жаңғырту, білім шаңырағы түлектерінің өмірі мен қызметін, Маман Тұрысбек ұрпақтарының қазақ руханиятына жасаған істерін дәріптеу. 

Ұстаздар қауымының сайысындағы алғашқы сөзді алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ерлан Қасен «Мамания» мектебінің қазақ қоғамын оқытудағы рөліне тоқталды. Білім шаңырағын ашып, жан-жақтан мықты ұстаздарды шақырып, оларды баспанамен қамтып, бірлескен оқу бағдарламасын бекітудегі жауапкершілікті мысалға келтірді.

Байқауға барлық ауданнан ұстаздар қауымынан құралған бірнеше команда қатысты. Олар 3 айналым бойынша сынға түсті. Бірінші айналымда команда мүшелері өз өңірлерінен шыққан, өмірлерін ағартушылыққа арнаған, білім саласын дамытуға өзіндік үлес қосқан тұлғаларды ұлықтады. Бұл орайда жер-жерден келген ұстаздар қауымы білім-білігін ұрпақ тәрбиесіне арнаған жерлестері жайлы мол мағлұмат жинағанын байқатты. Олар тұлғаның қоғамдағы орны мен ағартушылық қызметіне ерекше тоқталды. Аты тарихта қалған ұстаздардың өмірбаяны мен еңбектері жайлы жинаған деректері, бейнекөрсетілімдерін көрсетті. Әр уақытта Жетісу жерінде бала тәрбиесі, білім ордаларының тұрғызылуы, ашылуы, толыққанды жұмыс жасауына бар өмірлерін арнаған ұлағатты жандар еске алынды, тағзым етілді. Еңбектері үлгі етілді. Олардың жанкешті еңбектері паш етілді. 

Бұл орайда ұстаздар қауымының ізденімпаздығына тәнті болдық. Мысалы, «Мұғалім» тобы «Ақсудың Алтынсарині» атанған Бұғытай Айсеркеновтің «Мамания» мектебі жайлы деректер жинап, оқу бағдарламасына алғашқы қазақ мектебінің білім беру әдістерін енгізгені жайлы зерттеу жүргізіпті. «Мұрагер» тобы Біләл Сүлеев жайлы ізденіс жүргізіп, тың деректер келтірді. Байқаудағы команданың капитанына қойылған үшінші талап – 1 минутта «Мамания» мектебі жайлы қойылған сұрақтарға жылдам, нақты жауап беру. Мамания мектебі өзі бір әлем. Оның құрылған күнінен бастап қалыптасу, ғимаратты салу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, жатын орнымен қамту, оқу бағдарламасын жасау, ұстаздарды тарту, қыздар бөлімдерін ашу жайлы сұрақтарға жауап беру біраз қиындық тудырды. Ұстаздар қауымы сұрақтарға мейлінше нақты жауап беруге тырысты. 

Мұнда «Мамания» медресесінде алғашында кәдимдік оқу жүйесі бойынша оқытылғандық жайлы деректер келтірілді. Есенқұл Мамановтың қазақ романына бәйге жариялауы, роман бәйгесін естігенде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың қуанғаны да айтылды. Әлихан Бөкейхановтың «Мәдениетті, өркениетті елдерде руханиятқа осылай көңіл бөлінеді. Біздер де сол қатарға жетудеміз», – деп шаттанғанын еске салуы ұстаздар қауымының зеректігін байқатты. 
Жалпы байқаудың көтерер жүгі, маңызы жоғары болды. Ұйымдастырушылар бұл байқауды келесі жылы да өткізсек деген бастама көтерді. Қолдайтын шаруа. Мұндай шараға қатысқан ұстаздар Жетісу жерінде білім жүйесінің жұмысы қалай басталғанын, мұғалімдердің қалай іріктелгенін біліп, бала оқытудың жауапкершілігін терең сезіне түсері анық. Байқау соңында облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы директорының орынбасары Айбек Кенжебаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақсу ауданының білім бөлімінің басшысы Айдынбек Жексенбаев байқауға жан-жақтан келген қатысушыларға алғыс білдірді.

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққандарды 
марапаттады. Бас жүлде Ақсу ауданының командасына тиді. «Мамания» мектебін ашқан атымтай жомарт 
азаматтардың еңбегі көпке үлгі етілуі тиіс.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.