Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕСІМІЗДІ АЛҒАН «ЭССЕ»

14.06.2024
ЖАНСАРАЙ
ЕСІМІЗДІ АЛҒАН "ЭССЕ"

«Шарам қалмағанда шыңғырып жыладым» дегендей, жан шырылын айтайын, құлақ салыңыздаршы, қазақтың қаламгерлері! Мектепте бастауыштан бастап эссе жазады. Бағдарламадан диктант, мазмұндама, шығарма алынып тасталған. Себебін білмеймін, салдарынан шошисың…
Диктанттың жоқтығынан сауаттылық жойылды. Мазмұндаманың жоқтығы – баланың жадын әлсіретіп, шығарманың жоқтығы – көркемсөзге қабілетсіз, ойын жеткізе алмайтын, кең ойламайтын, стилі дұрыс сөйлем құраудан мақұрым, қиялсыз балаларды «печаттап» жатыр.


Жазуы әлгіндей болғанда, сөйлеуі де мәз емесі белгілі.

«Эссе – әдебиеттің элиталық жанры» – дейді Жүсіпбек Қорғасбек ағамыз. Иә, рас! Эссе – әдебиеттің әдіпті жанры. Шоң жанр! Бала түгілі мұғалімге алшысынан түсе салатын жанр емес эссе. Эссенің түрлерін білгенімен, түрленуін білмейді ұстаздар. Оны қойшы, осыны бағдарламаға енгізе салғандар эссе жаза ала ма? Диктант пен шығарма қай кемшілігінен бағдарламаның жұлынынан жұлынып қалған? Кімнің ісі бұл? Бағдарламаның былығын айтпай-ақ қояйын. Әйтпесе, «ұрпағым» дегеннің бәрінің уайымына айналатын проблема. Мұғалімнің ғана күйісі емес!

Қолына қағаз, қалам беріп, балаңыздан, немеріңізден диктант алып көріңіздерші, өтініш! Шығарма жаздырып көріңіз. Бәлкім, сонда түсінерсіздер, нендей күйдің күйігін күйттеп отырғанымды. 

Бала бастауышта мазмұндама жазуы керек. Жадын жаттықтырып, сауатын қалыптастырмай ма? Орта буында, яғни 5-сыныптан 9-сынып аралығында шығарма жазуға тиіс. Ойын дұрыс жеткізу, қиялын шарықтату, сөйлем құрау стилін қалыптастыру – жазудың басты талабы. Осыдан ойсыраған бала қалай эссе жазбақ? 

Еркін көсілмейтін жазба жұмысында шеңбер, ромбик бар да еркіндік жоқ. Міне,  кесір-кесапаты!

Эссе 100 пайыз көркем шығармаға тиесілі жанр емес. Қиял мен шабыттан гөрі аргумент, дәлел, ақпараттық көзқарас, сыни пайым жатуы керек өн бойында. Ал сіздің диктант алған, шығарма жаздырған балаңыз осыған қабілетті ме? Бағалаңыз!

Баяғы «5» жоқ қазір. 10 балдық бағалау әдісімен баға беріңіз. 

Мектептегі қойыртпақ оқулықтар мен келеңсіз кемшіліктер мұғалімнің ғана дерті ме? Қазақтың болашағы, ұрпақтың сауаты, ертеңнің елесі кімге жүк сонда? «Заманауи» деген ұждансыз ұстаным шетелдің шертіп құлата алмайтын әдіс-тәсілдерін, ірігі мен шірігін неге тықпалай береді бас-көзсіз? Сұрыпсыз, сынсыз, талғаусыз, көрінгеннің көнтерісін сүйретіп келіп сөлпеңдете беретіндей қазақ білімі қоқыс жәшігі ме? Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мектептерде қазақ тілінен емтихан алудан басталды биыл. 

Ананы қараңыз! Керемет бастама, иә!

5-сыныптан бастап эссе жаздырдық. Нәтижиесін айтпай-ақ қояйын… Алдық! Көрдік! Көндік! Амал жоқ қой!

Дабыл қағып отырғаным да осыдан, қымбатты қаламгерлер!

Болашақта ақын, жазушы болмай ма? Болса, диктант жазбаған сауатсыз, шығарма жазбаған шарасыз жазушы болар ма?! 

Отыз жылда білім алғандардың әлеуметтік парақшалардағы әр жазбаның астына білгішсініп жазып кететіндердің пікірлерін көзіңіз шалып жүрген шығар, онсыз да… Апам мен атам мың есе сауатты жазады қайта. Ақын-жазушыны қойшы, қандай оқырман болады бұлар? Жазып жатқанымызды кім оқиды? Кімге керек? Кім үшін жазасыз? Қателерден көз сүрінетін оқулықтардан, қазақ тілі сабағында физика, химия, биология, географияға тән мәтіндерден мән іздеген балада әдеби кітапқа құлық бола ма? Зағиптарға арналған кітаптар бар емес пе? Дәл сондай ертеңгінің түйсігіне тиімді, санасына сиымды, қабілетіне қонымды кітаптар шығаруға тура келер ме екен әлде кейінгі заманда. Классиктердің шедеврлерін күл-талқан қылып қиқалап, қылдырықтай кітаптарға айналдырып жүрмесін ұрпағымыз… 

Оқырманымыз! Ойланыңыз! Ойланайық! Ортақ уайым болсын, «қазақ» десек! Анау жоғарғыларға біз сияқты «кәкір-шүкірлердің» сөзі әсерсіз. Мыңғырына дыңғыр етпейді. Өңешіміз жыртылғанша айғайлап қойғанбыз! Бастауыш пен орта буыннан эссенің көзін құртсын! Шығармамыз бен диктантымызды басыбүтін қайтарып берсін! Ыбырай қалаған іргетастың үстінде, Ахмет тұрғызған қабырғаның ішінде қашанғы күңіренеміз?! Болашақтың бағытын бірге барлап, бірге бағамдайық! Қазақ болсаңыз, қазақтың болашағына білім беріп отырғандармен бірге болыңыз! Мектепке былдырлап кірген балаңыз, шүлдірлеп шықпасын!

Самал Зікірияқызы, 
қаламгер-ұстаз 
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.