Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ГАЗЕТТЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

29.06.2024
ЖАНСАРАЙ
ГАЗЕТТЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

«БАУЫРЫМДЫ ТАУЫП БЕРСІН» 

Кеңестер одағының кезінде аудандық газеттер аптасына үш рет шығып, редакцияда күнде қарбалас болып жататын. Газеттің бір нөмірі толса, екіншісі мақала сұрап «аузын ашып» тұрады. Содан кейін де мақаланы тездетіп жазудың «диктовкалық» тәсілі кеңінен қолданысқа еніп, кей-кейде кейіпкерді көрмей-ақ шағын суреттеме, мақала жазып жіберу практикасы орын алып жататын. Жауапсыздықтан емес, қажеттіліктен туындаған бұл тәжірибе барысында талай-талай қызықтар мен шыжықтар да кездеспей тұрмайтын.

Сондай қызықтың, дәлірек айтатын болсақ шыжықтың бірі Алматы облысындағы аудандық газеттердің бірінде орын алып еді. Шалғай ауылда тұратын озат бақташы жайлы жазу жөнінде тапсырма алған тілші телефонның құлағында күні бойы отырса да сол ауылмен хабарласа алмайды. Совхоздың партком хатшысы да, кәсіподақ хатшысы да телефон көтермейді. Бас зоотехник дегендерің тіпті таптырмайды. Жауапты хатшы болса «жоспардағы мақалаңды қашан бересің?» деп тақылдауын қояр емес.

Басқа амалы қалмаған тілші амалсыз қулыққа барады. Шаруашылықтың озат бақташысының өткен жылғы көрсеткіштерін газеттен алып, сол бақташының атынан «…биыл да осы көрсеткіштерімнен төмендемеймін» деген мағынада салақұлаш мақала жазып өткізіп, «Уф!» деп демін алады.

Шыжықтың көкесі келесі күні болады. Сөйтсе «Биыл да жүз сиырдан жүз бұзау аламын» деген мақаласы газетке жаңа ғана шыққан озат бақташы өткен жылы қайтыс болып кеткен екен. 

Марқұм бақташының туысы газетті қолтықтап алып аудандық партия комитетіне келеді. «Бауырым өліп қалды деп жүрсем, тірі екен. Қарап жүрмей әлі күнге сиыр бағып жүрген сияқты. Оның қай жерде мал бағып жүргенін мына аудандық газеттің жігіттері білетін көрінеді. Солар бауырымды тауып берсін», – деп әлек салады. 

Сонымен әріптесіміздің басы бәлеге қалып, «бұйраға» жетпесе де соған жетеқабыл жаза арқалайды. Әйтсе де салыстырмалы түрде алғанда кең заман, арада бір ай өтер-өтпестен аудандық партия комитетіне жұмысқа шақырылып, қызметі өсіп кете барды.

БҰЙРА ШАШЫ ЖЕЛБІРЕП…

Шалғай ауылдағы шопан жайлы суреттеме жазуға тапсырма алған тілшілердің бірі сол шаруашылықтың партком хатшысымен телефон арқылы сөйлесіп, озат шопан жайындағы барлық мәліметке қанығады. Қай жайылымда отыр, әр жүз саулықтан неше қозыдан алды, әр қойдан неше киле жүн қырықты, әйелінің, көмекшісінің аты кім дегендей мәселелердің бәрін жазып алады. Содан кейін шопанды өмірінде көрмесе де көргендей болып суреттеме жазуға отырады.

Әлден уақытта шабыты шалқыңқырап кетіп, шопанның қыр басында тұрғанын суреттеуге көшеді. Жадыраған жаз айында күн шуағын шашып тұрғаны, сонау етекте қойлардың жайылып жатқаны, самал жел соғып шопан жігіттің бұйра шашының желмен бірге желбіреп тұрғаны да қалам ұшына ілігеді. Бұдан басқа да әдемі суреттері мен көріністері көп суреттеме кешікпей газетке шығып кетеді.

Келесі күні шопан жігіт газетті алып аудандық партия комитетіне келеді. Жай келмей: «Газеттің жігіттері мені мазақ қылды. Айналамдағылардың бәріне күлкі болдым, кінәліні жазаласаңыздар екен» деген арыз-шағымын арқалай келіпті. Сөйтсе «бұйра шашы желмен бірге желбіреп тұр…» деген шопан жігіттің басы шыбын тайып жығылардай жылтыр екен…

Озат шопанды көрмей-білмей, телефон арқылы мәліметін ала салып жазып жіберген, шашының бар-жоғын да сұрамаған тілші әріптесіміздің басшылықтан оңбай таяқ жегені өз-өзінен түсінікті…

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

18.07.2025
Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

18.07.2025
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.