Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЛОНДОННЫҢ ҚҰРМЕТТІ МУЗЫКАНТТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛІН АЛДЫ

25.11.2024
ЖАНСАРАЙ
ЛОНДОННЫҢ ҚҰРМЕТТІ МУЗЫКАНТТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛІН АЛДЫ

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин 2024 жылы Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының беделді Күміс медалін алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі. Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті.


1889 жылы негізі қаланған Күміс медаль жыл сайын Ұлыбританияның жетекші консерваторияларының ең үздік жас музыканттарына беріледі.

2024 жыл Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық мансабындағы айтулы жыл болды. Ақпан айында ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Бұл опера Рахат-Бидің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шотландияның Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеуінің маңызды бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, Рахат-Бидің «Кванттық механика және авангардтық музыка» атты кітабы немістің беделді Springer баспасынан жарық көрді. Физика мен эксперименталды музыканың тоғысқан жеріндегі бұл бірегей зерттеу ғылыми және музыкалық ортада үлкен қызығушылық тудырды. Автор кітабын Нидерланд пен Германияның жетекші университеттерінде, соның ішінде Гейдельберг пен Амстердамда таныстырды. Бұдан бөлек, кітап Ұлыбританияның ең танымал және ірі кітап дүкендерінің бірі — Оксфордтағы басты кітап дүкенінің сөрелерінен орын алды.

«Математика, физика және музыканың арасындағы терең байланысты көрсете алғаныма қуаныштымын. Бұл өнер мен ғылымдағы жаңа идеяларға шабыт береді», — деді композитор таныстыру барысында.

Рахат-Би Әбдісағин — Еуропа, Азия және Америкадағы әйгілі концерт залдарында орындалатын 150-ден астам музыкалық шығармалардың авторы.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.