Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

СЕКСЕНІНШІ БЕЛЕСКЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ

12.07.2018
ЖАНСАРАЙ
СЕКСЕНІНШІ БЕЛЕСКЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданына қарасты  Кәлпе ауылының түлегі,  сексен жастағы  ақсақал Ринат Идрисовты өңіріміздің спортшылары, сала ардагерлері мен жанкүйерлері жақсы таниды. Тәлімгерді ел жоғары бағалайды, мақтаныш етеді. Ел алдында мәртебеге жету, сый-құрметке бөлену оңай емес. Ол – отты жүрек, құрыш білек және қажымас еңбек арқылы ғана келетін бақыт. Атамыз қазақ:  «Бақыт кілті – еңбекте»  дегенді бекер айтпаған. Ендеше,  әйгілі спортшы, мықты жаттықтырушы, отбасының қорғаны Ринат Идрисовтың абыройға жету жолы жайлы ой толғайық.

Ол  1958 жылы Үштөбе қаласындағы жұмысшы жастар  мектебін тамамдап, аудан орталығындағы киіз үй жасау фабрикасына  спорт ісі жөніндегі нұсқаушы қызметіне қабылданады. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп,  оңы мен  солын ерте таныған алғыр жігіт ауданның спорт саласындағы  абыройын биіктетеді. 
Ринат 1968 жылы  Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтының сырттай  бөліміне оқуға түседі. Жұлдызы жанған азамат  Талдықорған қаласындағы «Еңбек» ерікті спорт қоғамына жұмысқа шақырылады. Сол жылы қайтадан құрылған облыс үшін спорт саласына жігер-күші мығым, тепсе темір үзетін мамандар ауадай қажет еді. Ринат осы ортадан өзінің тыңғылықтығын, кәсібіне адалдығын танытады. Волейбол спортына жете машықтанған, осы бағытта елеулі табыстарға қол жеткізген Ринат Идрисов 1974 жылы Талдықорған қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумына қызметке ауысады. Әуелде  қатардағы пән оқытушысы, бірер жылдан соң  дене тәрбиесі кабинетінің меңгерушісі қызметіне көтеріледі. Осынау білім ордасында 12 жыл бойы еңбек еткен жаттықтырушы-ұстаз  білім ордасында тамаша спортшыларды тәрбиелеп,  баптап, өзінің де, жас өрендердің де болашағына жарқын жол көрсетеді. Қызметтік жолы өседі. Бұлай дейтін себебіміз,1986 жылы Ринат Идрисов облыстық волейболшылар құрама командасының жаттықтырушысы қызметін қолға алады. Ал оқу орнындағы спортшы жастар өздерінің жаттықтырушысы қалыптастырған спорттық жеңісті дәстүрді жалғастырды. 
– Мен зоотехникалық-малдәрігерлік  техникумында  қызмет атқарған жылдарда білім мекемесінің директоры Мұрат  Қалықтың спортқа жанашырлығына тәнті болдым.  Спорттың  дамуы үшін алдымен қаржы, содан соң материалдық база қажет. Осылар болмаса ілгері жылжу, табысқа жету мүмкін емес.  Ал біздің директор мұны жанымен сезінді, – дейді ақсақал. 
Оқу орнында бірер жылда  екі спортзалы мен стадион салынып, нәтижесі игі істерге жетеледі. Облыстың волейболшы жастар  құрама командасын 1986-1990 жылдар аралығында басқарып, жаттықтырған Ринат Идрисов іскерлік қабілетін, білімі мен  тәжірибесін әр қырынан жарқырата көрсетті. Әсірелеп айтқанымыз  емес, шындықты бүкпесіз жайып салғанымыз бұл. Осы сөзіміздің дәлелі, 1989 жылы Талдықорған  облысының волейболшы жігіттері республика чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл облыс спортындағы  ірі табыс, тың жетістік еді. Содан бері 30 жылға жуық уақыт өтсе де мерейді өсірген жеңістер жайлы әңгіме әлі де айтылып жүр. Ел волейболшылары арасындағы дүбірлі жарыстардың өрісі кеңейіп, ойыншылар Ресейде бірнеше дүркін жарысқа қатысты. Осынау жекпе-жектерде Талдықорған облысының жігіттеріне төтеп берер мықтылар  табылмады. Ресейлік волейболшылардың өзі бізге қарсылық таныта алмай, екінші, үшінші орындарға ығыстырылды. Сөйтіп, спортта жұлдызы  жарқыраған Ринат және оның командасының ойыншыларына  «КСРО Спорт шебері» мәртебесі берілді.  Бұл қатарда Асқар Шалқыбеков, Райым Идрисов, Василий Фисиков, Валерий Прибытков, Андрей Красовскийлер  бар. Спортта аты шыққан бұл азаматтар бүгінгі күні де жұмыстарын жемісті жалғастырып, волейболды дамытуға еңбек сіңіріп жүр. Олар қазір де  бұрынғы  жаттықтырушылары  Р. Идрисовтың ақыл-кеңестерін тыңдап,  спорттық жарыстарда бірігіп отырады. 
Волейболшы жастардың көрнекті жаттықтырушысы Ринат Идрисов 1990 жылы елуден асқан шағында өзі ұзақ жыл қызмет істеген білім ордасы – Талдықорған зоотехникалық-малдәрігерлік техникумына қайта оралып, сол жерден зейнетке шықты. Бірақ  бұрынғы еңбек ұжымы, қала мен облыстағы спорттық мекемелер оны құрметтеп, спорттық шараларға шақырып тұрады.  Мұндайда ол әдемі киініп, медальдарын тағып, көпшілікпен  бірге жүреді.
Өмірінің жарты ғасырдан астамын волейбол ойынын дамытуға, жастарды тәрбиелеуге арнаған спорт ардагері өзінің ежелгі дос-жарандары Виктор Еремкин, Владимир Очеретияный, Садық Сқақбаев, Анатолий Боковой, Мырзахан Мәсімов, тағы басқа волейболшылармен сағына қауышып, амандық-саулық білісіп, хабарласып  тұрады.
Өзінен үлкенге  іні, жасы кішіге  аға спорт ардагері Ринат ақсақалдың сүйікті жары Гүлхан ханым екеуінің (суретте) заңды некелеріне, яғни, көтерген шаңырақтарына 56 жыл толыпты. Балаларынан 9 немере, 9 шөбере сүйіп, әр таңды қуана қарсы  алып, шаттана шығарып салуда. Екеуінің тілейтіні – заманның тыныштығы, елдің амандығы. Оларға тілегіңіз қабыл болып, қосағыңызбен қоса ағарыңыздар демекпіз.

Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ,
Қазақ журналистика- сының қайраткері  

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.