Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҮШ БУЫН

30.06.2024
ЖАНСАРАЙ
ҮШ БУЫН

І. Теңіздей телегей

Адам ғұмырының айшықты ізі мен ізгілікті сәттері, жылыстаған жемісті жылдары туралы сөз қозғағанда оны оқып не тыңдап отырған оқырман һәм тыңдарманның көңілінде зәредей күмән қалмауы керек. Жазылған, айтылған дүние шынайы шыққанда ғана шырайы қою көрінбек. «Теңіздей телегей» деген теңеудің өзі кемшін түсті ме деген күмәнім бар. Өйткені, Нүсіпбай Әбдірахым ұстазымыздың қазақ журналистикасындағы еселі еңбегі мен терсіңді тағдыр сүрдегі бір ғана «Jetіsý» тарихының үлкен тарауына ұласып кеткені анық.

Сонау балаң шақта ауыл кітапханасына жиі барып ақын-жазушылардың кітабын жаздырып алып, қой соңында жүріп құмарта оқитынбыз. Сондай бір мөлдір шақта Шопаната төлін өрістетіп қойып «Ақтарылам алдарыңда» деген поэзиялық кітапты сүйсіне оқыдық. Тебірендік, толқыдық. Жас жүрекке жалын берген жырларды жадыға тұттық, жаттадық. Аталған ақық жырлардың авторы – Нүсіпбай Әбдірахым.

Біраз жыл өткенде студент атандық, университет тамамдар сәтке де таядық. Іс-тәжірбиеден өтуге «Jetіsý» газетіне келдік. Сол бір керемет кезеңде алдымыздан бас редактор қарсы алып, іс-тәжірибеден өтуге рұқсатын берді. Сондағы газеттің бас редакторы – Нүсіпбай Әбдірахым. 

Менің алғашқы редакторым! Жырға деген іңкәрлігімді үстемелеген ақыным!

Қарап отырсаңыз. Нүсіпбай Әбдірахым деген есім-сойдың, тұлғаның өмірімде үлкен орны барын байқаған боларсыз?! Ақындық, журналистік жолда көзтастар көкжиекке айналған бұл жанның, ұстаздың танымы терең, тағылымы телегей. Теңіз іспетті. Оны ұстаздың алдын көрген, «Jetіsý» газетінен түлеген, бүгінде «Жас Алаш», «Алатау арайы» секілді газеттерге бас редактор болып отырған Алмас Нүсіп, Қуаныш Тұнғатар секілді шәкірттерінен тартып, есімі елге айшықты болған журналистердің бәрі анықтап, айшықтап бере алады. 

Газеттің қара нарына айналған, әрбір жазбаны зерделеп, мұқият қарап, кемшілігімізді кесіп айтатын, журналистика әлемінің қыры мен сырына қанықтырған осынау ұстаз, «Jetіsý» газетінің жампозы қашанда біз үшін көзтастар көкжиек екені анық-дүр!

ІІ. Көлдей көркем

Жаны да, өзі де, сөзі де сұлу адамның айналасына қаншалықты ықпалы барын терең сезінетін секілдіміз. Атаның асқақтығын, әженің ақжүректілігін көріп, қаталдық пен мейірімділікті қатар бойға сіңірген біздер үшін әрбір мейірімді, талапшыл, табанды жанның тәлімі ерекше аңғарылады. Көлдей көркем ондай жанның жүрек түкпірінің өзінен-өзі тақ сайлап алатыны бар.

Көлдей көркем дегенде, парасаттылықтың толқынын тербеп, мейірімділіктің жағасын жасыл манатқа малындырар адамды мегзеп-меңзеген жөн ғой. «Jetіsý» газетіне саналы ғұмырын арнап келе жатқан, ата басылымның жауапты хатшысы, газеттің генераторы Гауһар Дүйсенбаева біз айтқан тіркес пен теңеуге бірден-бір кейіпкер болатын жан. Ол кісі қашанда ақырын жүріп, анық басқан өлшеммен еңбек етіп, өзіне артылған сенім жүгін абыроймен арқалап қана қоймай, газеттің жаңа толқынына ұстаздық ете білді. Әр журналистің жан әлемін түсініп, жақсылығына ортақтасып, қиыншылығын, ауыртпашылығын көтерісе білгені бөлек тақырыптың дүниесі.

Жан әлемінің әр тамшысын мейірім, қамқор, жанашыр, шынайы қуана білетін, шынайы бәйек болатын секілді көптеген адами қасиетпен тұндырған, көңілі де, көкірегі де көлдей Гауһар апайды ата басылымның барша журналисі «Гау апа» деп атайды. Бауыржан Момышұлының есімін арқалаған абзал ұлы Бауыржаннан немере сүйіп апалыққа жетсе де, апалыққа қимайтын ажары мен жастыққа іңкәр пейілімен бізді қамқорлық құшағымен жылытып, апалық мейірімен қанаттандырады-ақ.

Иә, өмірдің әр сатысында тағдырдың сабағы мен салмағын қатар алуға тура келетіні бар. Дүниеде дүние жамылған дариядай кемері бүтін, кемелі анық адам баласы жоқ. Тағдырдың қиыншылығын көріп, жақындарынан айырылса да адамдықтың үлгісін көрсетіп, сынаққа сабырмен шыдас берген Гау апаның әр ізінде парасаттылықтың, дегдарлықтың таңбасы айқын аңғарылады. Жастарды аялай ақылға жүгіндіріп, аналық қамқорлығын көрсетіп жүрген осынау ғажайып жанның, ажары ай шуағындай тұнық адамның «Jetіsý» газеті тарихында әлден-ақ орны бар, салмағы бүтін деп білеміз.

ІІІ. Тасқындай асау

Тағдырыңыздың бір сәт болсын бөлшегінде, сынықсүйем шағында тасқынға телміре қараған боларсыз. Залалын айтпаймын, табиғатын, ағысын, екпінін аңдадыңыз ба?! Ғажап, ә? Алдындағы үйдей қойтастардың өзін ырғап ала жөнелетін, қапталдай өскен қарағайдың өзін бұйымғұрлы көрмей ағызатын неткен асаулық еді, неткен күш еді ол? Ондай күш, екпін, табиғаты бар маман бүгінгі қазақ қоғамында әрбір салаға қажет-ақ.

Қазақ журналистикасында деп ауқымды кеңнен тартпасақ та сол өлшемге өмірімен, тарихымен лайық болған ғасырдан астам шежіре түзген «Jetіsý» газетінде табиғаты тасқындай асау журналист бар. Ол – Айгүл Байбосынова.

Айгүл Байжұмақызы шын мәнінде тасқындай тегеурінді журналист. Өзі басшылық ететін газетіміздегі Экономика және ауылшаруашылық бөлімінде ұзақ жылдан бері абыроймен қызмет етуде. Тақырыпқа тастай. Жазғаны жайнақ. Ресми шараның шебері. Содан да болар, бөліміне келген жас тілшілерді бірден қатал талаппен қабылдап, өзіндей өршіл, талапшыл болса деп ойлайды. Қамау терін ағызады. Тасқынға шыдас бергендер некен-саяқ. Шын мәнінде тасқынға төтеп беріп, ағыстың ебін таба білгендер мұндай өмір тәлімінен, ұстаз алдынан майталман маман болып шығатыны айтпаса да аңғарарлық дүние шығар.

Иә, шын мәнінде «тасқындай асау» деп Айгүл Байжұмақызының жұмыстағы ұстанымы мен талапшыл көзқарасына қарата айтқанымызбен, шын мәнінде оның мінезінде мейірімділік жеткілікті. Қашанда өзіне артылған сенім жүгін абыроймен алып шығуды ғана көздейтін жауапкершілігі ғана әлгіндей теңеуге кейіпкер еткенімен, газеттегі тыңғылықты, басылым үшін жаралғандай көрінген жастарды бауырға тартып, білгенін айтып жатады. Ондай сәтте «иә, сіз айтқандай істеуге тырысамын», «әпкелік қамқорлығыңызға рахмет» деп шынайы ризашылығыңды білдірсең, әлгі тасқындай асау ағыс өзінен-өзі-ақ майдақоңыр толқынымен көмкеріп жібергендей болады. Жаныңды сергітеді, рухыңды сусындатады.

Өмірін «Jetіsý» газетімен байланыстырған теңіздей телегей тәлім иесі Нүсіпбай Әбдірахым, көлдей көркем Гауһар Дүйсенбаева, тасқындай асау Айгүл Байбосыновалар жас шамасымен алғанда бір-бірінен бір мүшелдей үлкен жандар. Жазу мехнаты ауыр екенін ескерсек, үш буын қатарындағы осынау алдыңғы толқыннан айшықталған үш кейіпкерімізді кәсіби мерекесімен құттықтағымыз келеді. Өмірлері шуақты, дендері қуатты болғай!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.