Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТАНЫМАЛ ТІЛШІ ТАТЬЯНА

30.06.2024
ЖАНСАРАЙ
ТАНЫМАЛ ТІЛШІ ТАТЬЯНА

Таня. Танечка. Татьяна. Өжет қыз – Таня. Ерке қыз – Татьяна.Біз осынша әспеттеп, әспеттеу емес, дәл суреттеп жатқан Евгений Онегиннің Татьянасы емес. Өзіміздің, өзіміздің болғанда, Жетісудың журналист Татьяна Демидовасы.


Хакім Абай «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанша өңі қашады» деген еді ғой. Кейіпкеріміз туралы мидың мың қатпарында ой тулатып, қағаз бетіне түсірер кезде текемет бетіне бедерленген зерлі оюдай сол ойды шашыратып алғандаймыз ба? Қалай өзі? Әйтпесе, «Вестник Жетісу» үнпарағында толғамды ой, басынан аяғына дейін бір деммен оқып шығатын мақала, репортаж жазып жүрген Таняның адами болмысын, алпыс екі тамырында атойлаған кісілік қасиетін аша түсер ойды сана түкпірінде алпыс алты мәрте сапырып, түйіндеп алғандай едік. Бәлки, жақсы журналист, жайсаң адам туралы жазу қиынның қиыны болар. Тап солай. Әйтпегенде жұрт секілді кейіпкеріміздің шұбыртпалы өмірбаяны мен алған һәм алмаған марапаттары мен атақтарын тізбектеп, жеті қат аспаннан түскен періштедей, жан баласында жоқ қасиетті сол кейіпкердің бойына үйіп төгіп, көркем мінезді, келісті қылықты кісі етіп шығаруға да болар еді-ау. Бірақ…

Жарамсақтанудан аулақ кетіп, Татьяна туралы не білеміз, нені көрдік, соны суреттейікші. Бастысы – қайсарлық һәм өжеттік. Көп кісіге Жаратушы тарту етпеген осы қасиет Таняның бойында тұлпардай тулап жатыр. Сонау Алакөл ауданына қарасты Андреевка елді мекенінде 1984 жылы Галина мен Сергейдің шаңырағында дүниеге келген талдырмаш ару осы қасиетті кімнен дарытты екен? Ғылым тіліне сенсек, нәзікжандылар бар қасиетті әкеден дарытады екен. Солай болуы ғажап емес. Өйткені, Сергей Николайұлы аудандық электр жүйесінде жұмыс істеп жүрсе де қос бұрымдысының ерлерге бергісіз мінезді болуын қалады. Бастысы, жастайынан қос қызын оқуға, оқи отырып көңілге тоқуға баулыды. Оған әкеден қызына қан арқылы дарыған қасиетті қосыңыз.

Татьяна Демидова ауылдық мектепті тамамдаған соң І. Жансүгіров атындағы университетке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуы үшін оқуға түседі. Сол шақта журналистика факультеті оқу орнында ашылмаған еді. Әкесі  Сергей газет оқуды жанына серік еткен соң Таня да журналист болуды бала кезінен армандаушы еді. Армандар адастырмайды негізі. Қолға диплом тиісімен талдырмаш ару бала күнгі арманын орындауға аттанды. Әуелі Татьяна «Талдықорған» газетінің редакторы, белгілі журналист Мәулетхан Ақсановпен жол түйістірді. Көргені көп, түйгені телегей қаламгер бұрымдының бойынан жазуға деген құштарлықты аңғарса керек. М. Ақсанов Таняны Гүлжанат Нұршановаға бағыттады. Сол уақытта аптасына екі мәрте эфирге шығып тұратын «Қала тынысы» хабарын ұйымдастырушы Г. Нұршанова шын мәнінде кейіпкерімізге бағдаршам болды. Ұстаз десек те жаңсақ болмас. Өйткені журналистиканың қыр-сырын ұстазынан үйренді. Таняның бойындағы жазуға құштарлық осылайша оянды.

Таняның әкесі «Заря» атаулы газетті көп парақтайтын. Таняның арманын қанаттандырған да сол «Заря» еді. Кейін қанат қомдаған қаламды қару еткен бұрымды осы газетке жұмысқа орналаспаққа ұмтылады. Сол уақытта «Заря» атауын өзгертіп, халық арасына «Огни Алатау» деген атпен таратылып жатқан-ды. Ақпараттық бағытта жазуға машықтанған Татьянаның қаламын ұштай түскен Әміре Әрін-тін. Сол уақыттағы газеттің редакторы бұрымды журналисті қатарға қосу үшін, жас тілшінің бойында әділдікке құштарлықты ояту үшін тер төкті. Осылайша қарымды қаламгердің тәлімінен төселген, өз стилі қалыптасқан журналистке айналды. 

Айтар сөз аз болғанымен осы үш қасиетті, өжеттікті, жазуға және әділдікке құштарлық қасиеттерін шыңдау үшін қанша тер төгілді? Оны суреттеп жеткізу қиын болар. Бірақ, сол қасиеттердің арқасында біздің Таня, Жетісудың Татьяна Демидовасы қазір Хасан Еспанов тізгінін тартқан «Вестник Жетісу» газетінде қалам тербеп жүр. Бауырмал және бірлігі жарасқан ұжым кейіпкерімізбен мақтанады. Бастысы, оқырманға тұшымды туынды тарту етуге машықтанған Татьяна Демидованы жеті өзеннен нәр алған жерұйық мекеннің әрбір тұрғыны біледі, таниды. 
Төл мерекеңмен, Таня, Танечка, Татьяна.

Дастанбек САДЫҚ

 

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.