Талдықорған: 0°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Таулардың биіктігі алыстан көрінеді

10.10.2023
ЖАНСАРАЙ
Таулардың биіктігі алыстан көрінеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Таулардың биіктігі алыстан көрінеді» деген сөз бар. Расында табиғатта дәл солай. Тап осы кәделі сөзді адамдарға арнасақ ше? Мұнда да Абай айтқан: «Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді» деген сөзге тоқтам жасағанымыз жөн шығар. Жетісудан түлеп ұшып, республикамыздың сан түпкірінде еңбек етіп, абыройға бөленіп жүрген азаматтар аз емес. Олардың кейбірін тұлға ретінде танып, мерейтойларында сала құлаш мақала жазып, жыр арнап жататынымыз да шындық. Дүбірі естілгенмен дүрбі түспеген, шынын айтсақ, тіпті мерейтойларында да туған өңірден жырақта жүрген азаматтардың бірқатары еленбей де қалады. Бүгін солардың бірі – еліміздің денсаулық саласына үлкен үлес қосып жүрген дәрігер-хирург, медицина ғылымының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан  медицина академиясының ректоры Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков туралы сөз қозғамақпыз.

Жер жаннаты Жетісудың шырайлы да шұрайлы өңірлерінің бірі – ақ айдынды Алакөлге бара жатқан күре жолдағы Қызылащы деген ауылда Мырзаш аға мен Ғайни тәтенің шаңырағында 1958 жылы дүниеге келген біздің кейіпкеріміз көпбалалы отбасында тәрбиеленді. Әке мен шешенің мейіріміне бөленген 9 бала тал бесікте тербеліп өсіп, бұл күндері өздері де бір-бір отау болып, тамырын тереңге жайып, әулеттің берекелі дәстүрін жалғастыруда.

Мырзабек кішкене күнінен сабырлы, салмақты болып өсті. Алдындағы әпке-ағаларына қарап еліктеп, арттағы іні-қарындастарына үлкендік қамқорлығын көрсетті. Сабағына да тиянақты дайындалып, өз қатарының алды болып, 1975 жылы Үшарал қаласындағы Крупская атындағы орта мектепті ойдағыдай аяқтады. «Алдыңда толған мақсат, толған таңдау» демекші, бозбаланың алдында өмірдің сан тарау жолдары тұрды. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» (М. Әуезов) екенін ертеден ұғынған ол  білікті дәрігер болып, ел саулығы жолында еңбек етуді жөн көріп, Алматы мемлекеттік медицина  институтының хирургия факультетіне оқуға түсті. Білім ордасының қабырғасында оқытушылардың ықыласына бөленіп, жақсы оқып, 1983 жылы өзінің туған өңірі Алакөл аудандық орталық ауруханасына дәрігер-хирург болып орналасты. Медицинаның атасы Гиппократтың «Дәрігердің жүзі жылы, қолдары жұмсақ, айналаға жағымды болуы керек» деген сөзіне сай жас маман аз уақыттың ішінде өзінің іскерлігін көрсетіп, хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. Осы 3 жыл ішінде науқастарға қиын да күрделі ота жасаудағы жас хирургтің біліктілігін аудан жұртшылығы әлі де аңыз қылып айтады.

Қол жеткен азды-көпті табысқа малданып кететін Мырзабек емес. Білімін одан әрі жетілдіруді көздеп, Мәскеу қаласындағы КСРО Медицина ғылым академиясының Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында хирургия бойынша мақсатты клиникалық ординатурада оқыды. Бұл жерде де 2 жыл бойы Кеңестер одағы бойынша мақтаулы профессорлардың алдын көріп, тәлімін алып, білімін одан әрі тереңдете түсті. Ординатураны бітіргеннен кейін С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті госпитальді хирургия кафедрасында аға лаборант, ассистент, кейін доцент болып жұмыс істеді. Осы білім ордасында емдеу факультетінің деканы, кафедрада оқу ісінің меңгерушісі болды. Бұл жылдар Мырзабек үшін жоғары оқу орнындағы студенттерді оқыту, маман даярлау жөніндегі оңды іс-тәжірибе жинақтаған кезең еді. Елімізде А. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми  орталығының даңқы іргетасы қаланған 1945 жылдан бері  баршаға белгілі. Отандық хирургия саласының негізін қалаушыларының бірі Александр Николаевич Сызғанов құрған осы емдеу мекемесінде 3 жыл бойы аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеу, тікелей академик Мұхтар Әлиевтің қарамағында күрделі оталар жасау Мырзабектің өз ісінің бірегей маманы болып қалыптасуына игі әсерін тигізді. Жылына  5  мыңға жуық жасалатын отаның біразына тікелей қатысып, кейде өзі де ота жасауға басшылық жасаған дәрігер республика бойынша маңдайалды хирургтердің біріне айналды.1992 жылы Мәскеу қаласында медицина саласы бойынша ғылым кандидаты атағын алса, осы орталықтың қабырғасында докторлық еңбегін сәтті қорғады.

1999-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының бірінші проректоры, Астана медицина институтында кафедра профессоры, 2010-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде департамент директоры болып еңбек етті. 2018 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры. Ол 340-тан астам ғылыми-практикалық жұмыс, оның ішінде 6 оқу-әдістемелік құрал, медицина саласындағы 21 өнертапқыштық жұмыстың авторы. Профессордың жетекшілігімен 8 кандидаттық, 1 магистрлік диссертация қорғалды.  Ерен еңбегі еленіп, «ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі» деген құрметті атаққа ие болды. 

– Жалпы Жетісу кіндік қаным тамған туған жерім болса, Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Шымкент қаласы өскен, кемелденген жылдарымның ордасына айналды. Біздің академияда 8 мың студент оқиды, арасында шетелдіктер де бар. Академия медицинаның барлық саласы бойынша мамандар даярлайды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, кеңестік кезеңде фармацевтика мамандығы бойынша маман даярлайтын маңдайға басқан жалғыз факультет біздің білім ордасында ғана болды. Кейіннен бұл оқу орнын бітірген мамандар басқа жоғары оқу орнындарында осы сала бойынша кафедра, факультет ашып, дәрі-дәрмек шығаратын зауыттарда еңбек ете  бастады. Студенттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бөлген гранттар арқылы да оқып жатыр. Оның үстіне дәрігерге зәру облыстардың тапсырысын да орындаймыз. Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен оқып жатқан білімгерлер де бар. Академия жанында орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын колледж жұмыс істейді. Ондағы оқушылардың көбі грантпен оқиды, ақысыз білім алады. Тағы бір айтар жағымды жаңалығымыз бар. Бұрындары Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Астана қаласындағы Н. Назарбаев университеті жанында ғана өзінің ауруханасы мен емханасы бар еді. Енді осындай бірегей емдеу-сауықтыру кешені Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағын ауданында да салынайын деп жатыр. Медицина академиясының жанында 1000 төсектік көп бейінді клиника (аурухана)  мен консультативті-диагностикалық орталық (емхана) бой көтермек. Оны Қытайдың «СМЭК» құрылыс компаниясы салмақ. Бүкіл инфрақұрылымын (жол, электр жүйесі, су, жылыту, абаттандыру, тағы басқалары) қала әкімшілігі өз мойнына алып отыр. Бұрын студенттеріміз қаладағы 50 емхана, аурухана, жекеменшік емдеу мекемелерінде практикадан өтіп жүрсе, енді терапия, балалар бөлімі, хирургия, перзентхана салалары бойынша өзімізде іс-тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін жүзеге асырады. Оның үстіне соңғы жылдары ашылған академиядағы диссертациялық кеңес магистрант, PhD докторларын даярлауға мүмкіндік беруде. Сөйтіп, студенттерді оқытатын, дәрігер етіп қалыптастыратын әрі ғалымдар даярлайтын академиямыз Орта Азиядағы денсаулық сақтау қызметкерлерін оқытып, тоқытып шығаратын бірден-бір көшбасшы жоғары оқу орнына айналмақшы, – дейді ректор жерлесіміз.

Ректордың әңгімесінен ұққанымыз: өзі басқарған 5-6 жылда тәжірибелі ғалым әрі жаңашыл, іскер басшы Шымкент қалалық әкімдігімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да демеушілік жасайтын меценаттармен бірлесе отырып, академияның жұмысын жаңа сапаға көтеру жолында қажырлы еңбек етіп жатқанын аңдадық. Бүгінде 88 жасқа келіп отырған Мырзабектің анасы Ғайни әжей: 

– Біз отағасы Мырзаш екеуміз 9 бала тәрбиелеп өсірдік. Манатбегім Алакөл ауданындағы Қайнар ауылдық округінде әкім, Маратбегім «Достық» кеденінде бөлім басшысы, Рысжаным қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетінде профессор, қыздардың бәрі тұрмысқа шығып, бір-бір шаңырақтың отанасы болып отыр. Басқа балаларымның көңілдеріне келмейтін шығар, әлгі «Ертөстік» ертегісіндегі: «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегендей, Мырзабегім, атын әкесі өзінің есіміне ұқсатып қойып еді, әке үмітін толық ақтады, ешқандай тамыр-таныссыз, ақы-пұлсыз оқуын оқып, жақсы бітіріп, ғалымдығын қорғап, қызметін жасап, тұтас қазақ елінің денсаулығы мен амандығы саласында ұзақ жыл бойы абыройлы еңбек етіп, келінім Бәтимаш екеуі ұрпақ тәрбиелеп, ел-жұрттың ықыласына бөленген шаттықты шаңыраққа айналды. Осыған шүкіршілік етемін, – дейді.

Баласының жағдайын анадан артық кім айта алсын. Кішкентай ғана Қызылащы деген ауылдан түлеп ұшып, бұл күндері өзінің ақыл-парасатымен, ғалымдығымен, білімімен, біліктілігімен тұғырлы тұлғаға айналған Мырзабек Рысбековтің өмірі кейінгі жас ұрпаққа үлгі десе де боларлықтай. Дана Абайдың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» дегеніндей, өз еңбегімен биік мақсатқа қол жеткізген ректордың таңның атысы, күннің батысына дейінгі қауырт тірлігі әрқашан академияның абыройын көтеріп, алдынан тек жемісті жылдар желкенін көтерсін дейміз. 

Ахмет КЕНДІРБЕКҰЛЫ
Астана қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026
Ауыл шаруашылығындағы жаңа цифрлық платформа таныстырылды

Ауыл шаруашылығындағы жаңа цифрлық платформа таныстырылды

06.02.2026
Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

06.02.2026
«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.