Талдықорған: +28°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ІЗДЕНІС ҮСТІНДЕГІ ҰЖЫМ

16.08.2018
ЖАНСАРАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

   Иә, Кеген өңірінен шыққан толқын-толқын ұрпақ өз тұсындағы Кеген халық театрын ұмыта қойған жоқ. Сонау 1968 жылы құрылып, сахнаға шығарған алғашқы туындыларымен-ақ ел жүрегіне ұялаған театрға биыл 50 жыл толып отыр. Бұл бір адамның ғұмыры. Неше түрлі қиын кезеңдерден өткен бұл халық театры әрдайым ел мен жерді аралап, ауыл кешін нұрландырып жүр.

 

   1968 жылы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз», «Еңлік-Кебек» атты драмаларын сахнаға шығарып, «Халық театры» құрметті атағына ие болған. Кеген халық театры Бүкілодақтық І, ІІ және ІІІ фестивальдардың лауреаты атанды. Бұл үлкен жетістік болды. Соған орай театр ауданның ғана емес, облыстың, республиканың мақтанышына айналды.
   Театр ұжымы 1971 жылы республикалық театрлар байқауына қатысты. Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуі», «Қаракөз қарындасым», Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» атты спектакльдерін көрермен назарына ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Көп ұзамай 1975 жылы Эстонияда өткен «Таллин – 75» атты халықаралық конкурсқа қатысып, тағы да І дәрежелі дипломмен оралды. Бүкілодақтық ІІ театр фестиваліне драматург Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» атты драмасын ұсынып, «Кіші алтын» медаліне ие болды.
    Аталған халық театры үшін 1987 жыл табысты әрі ұмытылмас жыл болды. Олар М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында Тәкен Әліпбаевтың «Даладағы дүбір» атты спектаклін қойып, Бүкілодақтық ІІІ фестивальдің лауреаты болды. Үлкен алтын медалін алды. Республикамыздың Мәдениет министрлігі театр ұжымына «Кубань» автобусын сыйға тартты.
     Кеген халық театры тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында да жұмысын тоқтатқан жоқ. 2002 жылдың қараша айында Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Айман-Шолпан» спектаклін қойды. Сол кездегі облыс басшылары театр ұжымының еңбегін жоғары бағалап, «ПАЗ» маркалы автобусты сыйлады.
    Құрылғанына биыл 50 жыл толған театр осы уақытқа дейін үлкенді-кішілі 45 қойылымды сахнаға шығарды. Мәдениет министрлігінің жолдамасымен республикамыздың барлық облысында, көршілес Қырғызстан Республикасында өнер сапарымен болды. Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығында С. Жарқынбековтың «Астанаға көктем келді» атты спектаклін жұрт назарына ұсынды. Қарқара көтерілісінің 95 жылдығында ақын, жазушы, драматург Мұса Жанәділовтың «Ереуілтөбе ерлері» атты қойылымын сахнаға шығарды. Бұл екі қойылымды да көрермен қауым жылы қабылдап, лайықты бағасын берді.
    Театр ұжымы Бикен Римованың 90 жылдығына орай өткізілген театрлар байқауында жүлделі 2-орынды иеленді. Облыс әкімінің Алғыс хатын арқалады. «Үздік театр» аталымының иесі болды. Мұның бәрі дәстүрлі әнші Кәдірбек Сүлеймен жетекшілік ететін театр ұжымын жақсы істерге жұмылдырып келеді. Театрдың режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Райымбек және Көксу аудандарының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Нағима Таласбаева. Театрда әр жылдары Жұмаш Әлдибеков, Құдайберген Ештаев, Гүлмира Төлендиева, Дәулет Солтанбеков, Бақыт Салимбаева, Тұрғын Мұқажанов, Берік Салқынбаев, Нұрлан Дүкенбаев, Қанат Нұрдәулетов, Талғат Мырзаханов, Сәмиға Әлдекенова, Жаңыл Сабаншиева, Тоқтарбай Бірімжанов, Күләйхан Бапанова, Бақытгүл Қайыпбаева, Бақыт Байбатшаева, Меделхан Құсайынов, Ләйла Әбілғазиева, Ләззат Бекмұханбетова секілді өнер иелері еңбек етті. Өздеріне жүктелген рөлдерін шынайы сомдап, көптің ықыласына, алғысына бөленді.
    Кеген халық театрының құрамын жаңғыртып, толықтырған Аршын Нұрбақыт, Асан Дидар, Ақмарал Сүлеймен, Мақпал Нұрқамытова, Ермек Ділдәбек, Медет   Құныпияев, Әсет Жұлдыз, Айым Тілеукеева, Ілияс Әбженбаев, Қуаныш Әбітаев, Мақсат Өзбеков секілді театр мүшелері М. Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» атты екі бөлімді комедиясын сахнаға әзірлеуде. Басты рөлде Нағима Таласбаеваның өзі. Құрылғанына 50 жыл толған Кеген халық театрының қазіргі ұжымынан да іргелі істер күтеміз. Оларды алда талай-талай өнер сапарлары күтіп тұр.

Қанат БІРЖАНСАЛ.

Қатысты жаңалықтар

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.