Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖЕТІСТІГІ МОЛ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ

30.12.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖЕТІСТІГІ МОЛ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев жыл қорытындысы бойынша есеп берді. І. Жансүгіров университетінде өткен жиынға облыстық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және университет қызметкерлері қатысты.


Шарада ректор Жетісу университетінің кадрлық менеджмент, білім беру және ғылыми қызметіне, шетелдік университеттермен ынтымақтастық, қос дипломды, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, университеттің инфрақұрылымдық дамуы мен жетістіктеріне тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерін атап өтті. 

– Университетте 12 ғылым докторы, 88 ғылым кандидаты, 34 PhD докторы қызмет етеді. 5277 адам білім алып жатыр. Университет бітірген түлектердің 89 пайызы жұмысқа орналасты. Жетісу университетінде Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды. Екі университет арасындағы ынтымақтастық аясында студенттер қос дипломды білім беру бағдарламасымен оқи алады, – дей келе университеттің жеткен жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарды баяндады.

Жетісу университеті білім сапасын қамтамассыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі IQAA Ranking (БСҚБТА) жүргізген 2024 жылғы институционалды рейтинг нәтижелері бойынша көпсалалы ЖОО арасында үздік бестікке кіріпті. «Times Higher Education» атындағы әлемдік рейтингте қазақстандық 25 жоғары оқу орнымен бірге «reporter» (қатысушы) мәртебесін алды. UI GreenMetric World University Rankings 2024 рейтингі нәтижесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті тұрақты дамуы бойынша 2023 жылмен салыстырғанда 214 позицияға жоғарылап, әлемде 804-орынды, отандық 28 ЖОО арасында 10-орынды иеленді. 

Жетісу университеті 70-ке жуық шетелдік жоғары оқу орындары және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орнатты. Ең кереметі Польшадағы лингвистикалық-техникалық университетте, Қырғызстандағы Халықаралық университетте, Өзбекстандағы Бабыр атындағы Әндіжан мемлекеттік университеті базасында Жетісу университетінің өкілдігі жұмыс істейді. Жетісу университетінің ғалымдары жалпы сомасы 869 461 492,44 теңгеге ғылыми жоба орындап жатыр. 25 оқытушы шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында үздік ғылыми орталықтарда білімдерін шыңдады. Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы ашылды. Биыл аталмыш білім ордасының студенттері әлем, азиялық, халықаралық, республикалық додадан 26 алтын, 20 күміс, 10 қола медаль алды. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.