Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАС ҚАЛАМ

ЖИ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ

19.02.2025
ЖАС ҚАЛАМ
ЖИ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ

Бүгінгі таңда ЖИ (Жасанды Интеллект)  – ғылым мен технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. ЖИ адам ақыл-ойына тән ойлау, шешім қабылдау, анализ жасау және өздігінен үйрену қабілеттерін компьютерлік жүйелерде жүзеге асыруға бағытталған. Бұл технология көптеген салаларда төңкеріс жасап, күнделікті өмірімізге терең еніп кетті. 

ЖИ дегеніміз не?

Жасанды интеллект – компьютерлік жүйелердің адамға тән ақыл-ой процестеріне еліктеуі. Бұл жүйелер деректерді өңдеп, үйреніп, болжам жасап, шешім қабылдай алады. ЖИ-дің ең негізгі ерекшелігі – өздігінен үйрену қабілеті.  ЖИ алгоритмдері үлкен көлемдегі мәліметтерді талдап, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтап, болашақта тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамның қарапайым өмірде кездесетін мәселесіне шешім, сұрағына жауап тауып береді.

Жасанды интеллект қалай жұмыс істейді? 

ЖИ негізінен машиналық оқыту (Machine Learning) және терең нейрондық желілер (Deep Learning) сияқты әдістерді қолданады. Машиналық оқыту – ЖИ-дің үлкен көлемдегі деректерді анализ жасап, заңдылықтарды анықтап, болашақта сол мәліметтер негізінде шешім қабылдау қабілеті.  Терең нейрондық желілер – адам миының нейрондық желісіне ұқсас алгоритмдер жиынтығы. Олар ақпаратты өңдеп, өздігінен үйренуге мүмкіндік береді. ЖИ адамның әрекеттерін қайталамай, тың нәрселерді үйрене алады. Бұл оны басқа бағдарламалардан ерекшелендіреді. 

ЖИ не істей алады?

Деректерді талдау және болжау

ЖИ үлкен көлемдегі мәліметтерді талдап, маңызды заңдылықтарды анықтайды. Бұл банктер, маркетинг, медицина сияқты салаларда шешім қабылдауға көмектеседі. Мысалы: банктер ЖИ көмегімен алаяқтық операцияларды анықтаса, интернет-дүкендер сіздің қалауыңызға қарай тауарлар ұсынады. 

Адаммен қарым-қатынас жасау 

Бүгінде чат-боттар мен дауыстық көмекшілер ЖИ негізінде жұмыс істейді. Қолыңыздағы смартфонның Siri, Google Assistant, Alexa сияқты функциялары ЖИ көмегімен жүзеге асады. Чат-боттар компаниялардың клиенттеріне онлайн көмек көрсетеді. 

Медициналық диагностика 

ЖИ медицинада ауруларды ерте анықтауға және диагноз қоюға көмектеседі. Мысалы, томография нәтижелерін талдап, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтай алады және науқастарға жеке емдеу жоспарын жасай алады. 

Көлік және логистика

ЖИ көліктердің қауіпсіздігін арттырып, тасымалдау процестерін оңтайландырады. Tesla автокөліктері автопилот режимінде қозғалады. ЖИ логистика саласында жүктердің ең тиімді маршруттарын есептейді. 

Контент жасау 

Жасанды интеллект есептеулер жүргізіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерге де ие.  Мысалы:  GPT негізіндегі модельдер мақалалар, әңгімелер, өлеңдер жаза алады. Тіпті, кескіндер мен бейнелер жасап, музыкалар шығара алады. 

Қауіпсіздік және бақылау 

Нейрожелі бейнебақылау жүйелерінде қолданылып, қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі.  Ол камералардағы адамдардың күдікті әрекеттерін анықтай алады. Киберқауіпсіздік саласында хакерлік шабуылдарды алдын алады. 

ЖИ болашағы қандай? 

ЖИ секунд сайын қарқынды түрде дамып, сан түрі жарыққа шығуда. Көптеген салаларда адам мүмкіндіктерін кеңейтуде. Әлемдік деңгейдегі сарапшылар ЖИ болашақта адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналады және әрбір адам онымен жұмыс істей алуы керек дейді. Болашақта ақылды роботтар кеңінен қолданылады, ЖИ дәрігерлерге көмек көрсетіп, емдеу процесін жетілдіреді. Көліктер толықтай автономды болады. ЖИ шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетеді, деп тағы болжам жасайды олар.

Алайда, ЖИ этикасы мен қауіпсіздігі туралы сұрақтар да туындауда. ЖИ адамдардың орнын баса ала ма? Адамдарды жұмыссыз қалдыра ма? Оның дұрыс қолданылуы қалай бақыланады? Осы мәселелер болашақта үлкен талқылауды қажет етеді.  Жасанды интеллект – заманауи технологиялардың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Ол көптеген салаларда төңкеріс жасап, адамның өмірін жеңілдетуге бағытталған. 

Нейро желілер деректерді талдайды, болжайды, қарым-қатынас жасайды, шығармашылықпен айналысады, тіпті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бірақ, оның дамуы жаңа сұрақтар мен жауапкершіліктерді де туындатады. Жасанды интеллекттің болашағы жарқын болғанымен, оны дұрыс басқару маңызды. Қазіргі уақытта адам мен ЖИ арасындағы теңгерімді сақтау – басты мақсат.

Мақпал Әділханқызы
Фото: ЖИ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.