2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына №11 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Амангелді Бағлан Амангелдіұлы.
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Амангелді Бағлан Амангелдіұлы, 1987 жылғы 10 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келдім.
Білімім – жоғары. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2009 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да маман қызметінен бастадым.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Долана» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келемін. Шаруа қожалығына жетекшілік ету барысында ауыл шаруашылығын дамытуға, өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға және шаруашылықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге баса назар аударып келемін.
Қаржы саласы мен ауыл шаруашылығында жинақтаған тәжірибемді тиімді пайдалана отырып, шаруашылықтың дамуы мен өркендеуіне бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып келемін.
Құрметпен, Амангелді Бағлан Амангелдіұлы
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2027 жылы жолдардың сапасын жақсарту, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қатынасты қамтамасыз ету мақсатында Талдыбұлақ ауылындағы 2,3 км, Шаған ауылындағы 6,0 км және Тастыөзек ауылындағы 6,0 км ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.
- СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.
2028 жылы Тастыөзек ауылының ұзындығы 8,3 км ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарын жүргізуге, Күреңбел ауылының 1,8 км және Көкбастау ауылының 1,9 км ішкі көшелерін түнгі жарықтандырумен қамтамасыз етуге күш саламын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ауылымыздың болашағы тұрғындардың тұрмыс сапасы мен қолжетімді баспанаға байланысты. Сондықтан ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын дамытуға, көпбалалы отбасылардың баспаналы болуына мүмкіндік жасауға және тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселелерін шешуге ықпал етуге күш саламын. Әрбір отбасының баспаналы болып, қолайлы жағдайда өмір сүруіне өз үлесімді қосуды маңызды міндетім деп санаймын
- ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Ауыл экономикасын дамытудың негізгі жолы – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың табысын арттыру. Мен ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына, оны дамытуына және тұрақты табыс табуына мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал етемін. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, ауылдағы экономикалық белсенділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына күш саламын.
- АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Ауылдың дамуы ең алдымен тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және әрбір отбасының тұрақты табыс табуына байланысты. Осы мақсатта аудандағы жастарды жұмыспен қамтуға, жыл сайын олардың кемінде 30 пайызын тұрақты еңбекпен қамтуға мүмкіндік жасауға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауылдардағы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін арттыруға күш саламын.
- БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Бостан, Шаған және Тастыөзек ауылдарында тірек мектептері (ресурстық орталықтар) желісін дамыту арқылы шағын жинақты мектептерді әдістемелік қолдаумен толық қамтуға, сондай-ақ Н. Әлмұхамбетов атындағы орта мектепке 200 STEM-кабинетін сатып алуға ықпал етемін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін көмек түрлері туралы тұрғындардың ақпараттану деңгейін арттыруға және олардың мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде толық мәлімет алуына ықпал етемін.
- ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауыл тұрғындарының сапалы әрі жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігін арттыруға, цифрлық теңсіздікті азайтуға және мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.
- ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА
Елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендрді көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға күш салу.
Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жердің әрбір жетістігінің артында маңдай терімен еңбек еткен адамдардың үміті, арманы мен болашаққа деген сенімі жатыр. Ауданымыздағы әрбір ауылдың өзіндік ерекшелігі мен шешімін күткен мәселелері бар. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы тиіс.
Халықтың ұсыныстарын тыңдап, ауылдардың қажеттіліктерін тиісті деңгейде көтеріп, өзекті мәселелердің нақты шешімін табуына ықпал ету – ортақ міндетіміз. Мен туған жердің болашағы бүгінгі атқарылатын жұмыстарға байланысты екеніне сенімдімін. Бүгін жасалған игі іс – ертеңгі ұрпаққа қалатын мұра.
Балаларымыздың болашағы жарқын, ауылдарымыздың келешегі кемел болсын! Туған жерді бірге түлетіп, ауданымызды өркендеген өлке ретінде дамытуға атсалысайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің негізгі ұстанымым – халықтың мүддесін қорғау, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мәселелерді жүйелі түрде көтеру.
Мен үшін ауылдың дамуы – ең алдымен, халықтың әл-ауқаты, сапалы инфрақұрылым, тұрақты жұмыс орындары және әрбір тұрғынның өз болашағына сеніммен қарауы.
Ауылдарымыздың көркеюі – баршамызға ортақ міндет әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Сіздермен бірлесе отырып, өзекті мәселелерді көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге және туған өлкеміздің дамуына нақты үлес қосуға дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Амангелді Бағлан Амангелдіұлы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







