2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына № 4 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ҚАЙРАТОВ ЖАНАТ ҚАЙРАТҰЛЫ
«Халық сенімі – аманат, елге қызмет – міндет! Туған ауылымыздың өркендеуі үшін бірлесе еңбек етіп, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!»
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Қайратов Жанат Қайратұлы, 1994 жылы Ескелді ауданының Алдабергенов ауылында дүниеге келдім. Жоғары білім алып, «Экономика» мамандығын тәмамдадым. 2023 жылдан бері «Қайратов Ж.Қ.» шаруа қожалығының басшысы ретінде еңбек етіп келемін. Ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнес салаларында жинақтаған тәжірибемді туған жерімнің өркендеуіне арнап, ауылымыздың дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп санаймын.
Мен үшін ауылдың дамуы – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, сапалы білім мен қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және әр отбасының тұрақты табысқа қол жеткізуіне ықпал ету. Осы мақсатта Алдабергенов ауылдық округінің өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне атсалысуға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.
Менің басты ұстанымым – халықтың сенімін ақтау, ел мүддесін бәрінен жоғары қою және туған ауылымның жарқын болашағы үшін нақты іспен қызмет ету.
Құрметпен Қайратов Жанат
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2027 жылы Асылбеков (1,3 км), Нұрпейсов (1 км), 2029 жылы Бақтыбай (1,3 км), Балпық би (1,1 км) көшелерін жөндеу, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
- СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Жаңалық ауылында 8,9 км ауыз су желісін жаңғырту, Алдабергенов ауылында 1,3 км көшеге жарық орнату жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін. 2028 жылға дейін Алдабергенов ауылындағы Байысов атындағы орта мектепті орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосуға ықпал етемін.
«Мықты өңірлер – мықты ел!»
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жыл сайын кемінде 12 ауыл тұрғынына жеңілдетілген несие алу бойынша ақпараттық және консультациялық көмек көрсету.
5 жыл ішінде кемінде 50 азаматтың кәсіпкерлік жобасын әзірлеуге және қаржыландыруға өтінім беруіне жәрдемдесу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
2031 жылға дейін Көксу өзенінің жағалауын нығайту және су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында қорғаныс жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ
Алдағы 5 жылда Жастар ауылында кәсіпорындардың сұранысына сәйкес жыл сайын 25 маманнан, жалпы 150 азаматты кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыруға ықпал етемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
2029 жылға дейін Алдабергенов ауылында ауысымына 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуға ықпал етемін.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
2028 жылға дейін Жаңалық ауылындағы «Жаңалық» негізгі орта мектебінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Алдағы 5 жылда Жастар ауылында техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттарымен қамтылатын жастар санын 59-дан 60 адамға дейін арттыруға, сұранысқа ие мамандар даярлауға ықпал етемін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданындағы Отбасын қолдау орталығы базасында некеге тұруға ниетті жастарға арналған жыл сайынғы оқыту және кеңес беру курстарын ұйымдастыруға ықпал етемін. Мақсат – отбасылық өмірге дайындықты арттыру және отбасы құндылықтарын нығайту.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауылдардағы интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға қолдау көрсету және тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, депутаттық жұмыс туралы есеп беру.
- ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында елді мекендерді көгалдандыру көрсеткішін 7,1-ден 7,51-ге дейін арттыруға, ағаш отырғызу және жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін
2027 жылға дейін Алдабергенов ауылдық округінде мал өлекселерін қауіпсіз жинау және жоюға арналған ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай арнайы орын (мал қорымын) салу мәселесін шешуге қол жеткізуге күш саламын.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Барлық мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Дегенмен, тұрғындардың өтініштерін назарға алып, олардың мүддесін қорғауға және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты өлшемі – халықтың өміріндегі нақты оң өзгерістер.
Алдабергенов округінің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты үшін бірге еңбек етейік!
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!
Әрбір ауылға – назар, әрбір тұрғынға – құрмет, әрбір іске – жауапкершілік!
Сайлауға келіңіздер!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.
Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.
«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 4 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.
Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.
Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.
Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Қайратов Жанат Қайратұлы
Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







