"РЕФЕРЕНДУМ-2022": ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 05.06.2022
Оқылды: 1091
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарқан ауданы Қойлық ауылының тұрғыны 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы сайлаудан тысқары қалмай өз таңдауын жасады.

Ақсақал елміздің жаңа дәуірге қадам басып, Ата-заңымызда болғалы жатқан өзгерістердің халық мүддесіне жұмыс жасайтынына сенімді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум еліміздің кемел болашағын айқындап Жаңа Қазақстанның жаңғырар уақыты. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». - деді Берлібек ата.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"