МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Уақыты: 09.07.2022
Оқылды: 1610
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бұл бейбітшілік пен бірлік, мейірімділік пен бауырмалдық сынды мәңгілік адами құндылықтарды паш ететін мереке екенін айта келе, өңір басшысы Құрбан айттың халқымыздың рухани өміріндегі, қоғамның ауызбіршілігін бекемдеудегі маңызын ерекше атап өтті.

– Ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан қасиетті мейрамның мәні ғибратқа  толы. Жыл өткен сайын еліміз рухани құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғына бастады. Бір-біріне қамқор болу, жылылық таныту, көмек ету – мұның бәрі күллі адамзатқа тән гуманистік ойлармен үндесіп жатыр, –  деді Марат Сұлтанғазиев. 
Халықтың салт-дәстүрі мен діни сенімдеріне өзара сыйластықпен қарау арқылы өңірдің одан әрі гүлдене беретініне тоқталған облыс басшысы, шалынған құрбандық, жасалған дұға-тілектердің қабыл болуына, еліміздің тыныштығы, бақ-ырысы арта беруіне тілек білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"