"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": 98 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 684
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Көксу ауданындағы Злиха Тамшыбай ауылының тұрғыны Мануар Батыршақызы сайлау науқанында дауыс беріп, белсенділік танытты.
Мануар апа  1924 жылы туған. Қазір 98 жаста. 10- сынып бітірген соң, 1940 жылы Қарағанды қаласында әскери комисариятқа шақыртылып, 8 ай қару-жарақ қолдануды, алғашқы медициналық санитарлық курсты үйренген. Соғыс жылдарында жер астында моторист-бурильщик болып еңбек еткен.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін елге оралып, жолдасы Доспай Тесебаевпен қызылша егіп, «Еңбекші» ұжымшарында еңбек еткен.
Жасы ұлғайған сайлаушыға арнайы комиссия өкілдері  тұрғылықты жеріне қажетті  бюллетень мен шыны жәшікті алып барды.
«Жасым ғасырға жуықтаса да  денсаулығым жақсы. Елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы үшін өз таңдауымды жасадым»,-деді Мануар апа.
Өмір бойы ауыр жұмыста еңбек еткен әжеміздің 9 баласы, 28 немересі, 25 шөбересі бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"