93 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 676
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мейірбану Шакенова ұлағатты ұстаз, тыл ардагері, 93 жаста. Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылының ең үлкен тұрғыны, ғасырға табан тіреген кейуана 543 учаскесіне келіп, өз дауыс берді. 
Көпті көрген Мейірбану апа, өз таңдауын жасағаннан кейін сайлауға келушілерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
 Кәлпе ауылында 1000-ға жуық сайлаушы бар. Мейірбану апа ауылдағы ең үлкен сайлаушы. Сайлауға келушілердің белсенділігі өте жоғары.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"