"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ДӘРІГЕРЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1104
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандағы облыстық аурухананың директоры Анарбек Монгол бастаған мекеме қызметкерлері сайлауға барып, өз таңдауларын жасады.
«Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Біздің дауыс аса маңызды. Сондықтан Қазақстанның болашағына қатысты науқаннан шет қалмау керек. Осы ретте ҚР-ның азаматы ретінде сайлауға қатысып, өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік», – деді облыстық аурухананың директоры Анарбек Монгол.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"