САЙЛАУ КҮНІ ҮШТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА 5 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 999
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Аудандық орталық ауруханада ҚР Президенті сайлауы күні дүние есігін ашқан  5 шақалақтың, 3-і ұл, 2-і қыз бала.
Бұл туу коэфициенті бойынша аудан үшін ағымдағы рекорд.
- Әдетте күніне 2 немесе 3 бала дүниеге келсе, көп деуші едік. Дәл бүгінгідей айтулы күнде шаттыққа бөлену әрбір отбасы үшін қуанышты күн, - дейді бас дәрігердің орынбасары Зейнепкүл Сәтмұхамедова.
Айта кетер жайт, жас аналар мен перзентхана қызметкерлері де ҚР Президентін сайлауға қатыса алады. Сондай-ақ,  жас нәрестені құшағына алған аналарды аудандық аурухана бас дәрігері Біржан Құмаров құттықтап, сыйлық табыс етті.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Қаратал ауданы