ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ӘСКЕРИ ШЕРУ БІР ҚАЛАДА ҒАНА ӨТЕДІ

Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 290
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру алты жылдан бері өтпейді. Дегенмен биыл тек бір қаланың тұрғындары шеруді көреді.


Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырда шеру болмайтынын хабарлады. Елдегі соңғы шеру 2018 жылы өткен еді.

Дегенмен биыл Байқоңыр қаласында шеру ұйымдастырылады. Бұл қала әкімдігінің сайтында айтылған.

Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Ленин алаңында өтеді. Сол күні Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке митингі мен гүл қою рәсімі өтеді.

Байқоңыр – Қазақстан қаласы, бірақ оны Ресей жалға алған.