ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ БОЛЫП СУРБҰРАҚТАРДЫ ҚОСТЫ

Уақыты: 01.05.2024
Оқылды: 272
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласында субұрқақтар маусымы ресми түрде басталды. Қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы келіп іске қосқан орталық алаңдағы субұрқақ жөндеу, қайта қалыпқа келтіру жұмыстарынан өткен. 


Жалпы қала бойынша 10 субұрқақ болса, соның тоғызы іске қосылды. Орталық алаңдағы субұрқақтардан бастап, «Жастар» саябағы мен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театр және Жолбарыс би ескерткіші маңындағы субұрқақтар іске қосылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Өте қуаныштымыз. Бүгін балаларыммен субұрқақтарды тамашалау үшін арайы келдік. Мерекелік думанды кеш сыйлаған әрбір жанға мың алғыс, көңіл-күйіміз керемет! Әсем қаламыз жайнап, өркендей берсін», - деді қала тұрғыны Эльмира Мейрамжанова.

Айта кетейік, еліміз бойынша Талдықорған қаласы алғаш болып субұрқақтарды іске қосты.