БЕЙІМДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Уақыты: 04.08.2024
Оқылды: 924
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыста мүгедектігі бар адамдардың мекемелерге кіріп-шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 5 жылда 1119 нысанның кіреберісіне бейімдеу жұмыстары жүргізілді.


Өткен 2021-2023 жылдары әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы 460 нысан тексерілді. Соның нәтижесінде нысандарға 2021 жылы 148, 2022 жылы 144, ал 2023 жылы 168 пандус қойылған. Биыл 168 нысанға 591,8 млн. теңге қаражат бөлініп, бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде білім саласы бойынша 94, денсаулық сақтау саласы бойынша 37, округ әкімдіктері 18, спорт саласы бойынша 6, мәдениетте 9,  әлеуметтік сала бойынша 2 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілген.

Бүгінгі күні аудан, қалалардағы 168 нысанның 63-іне жүргізілген бейімдеу жұмыстары аяқталды. Одан бөлек, 17 нысанда бейімдеу жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Тағы 2 нысанға кіріп-шығу жолын салу үшін конкурс жариялауға құжаттар әзірленуде.

Қоғамның әр мүшесі кедергісіз өмір сүруі керек. Бұл орайда инфрақұрылымдарды бейімдеу шаралары тоқтаусыз жүргізіле береді.

Гүлжан ТҰРСЫН