Цифрлық сауатыңызды ашыңыз!

Уақыты: 11.06.2018
Оқылды: 1019
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сіз цифрлық әлемнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келе ме? Онда Сізді цифрлық сауаттылықты арттыру курсына шақырамыз. Ол жерде Сіз:      

         интернет және мобильдік гаджеттердің мүмкіндіктері туралы;

         деректерді сақтау, беру тәсілдері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы біле аласыз.

         Сонымен қатар:

         онлайн режимде тауарларды сатып алу, сату және қызметтер көрсетуді;

         мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды;

         мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, оларды өз жұмысыңызда қолдануды үйренесіз.

         Курс 2018 жылдың 1 маусымынан басталады және Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Алматы облысында қашан өтетінін және оқыту орнын білу үшін Call-center 8 (7282) 401160 нөміріне хабарласуды сұраймыз. Толық мәліметті www.zhetysu.gov.kz сайтынан көре аласыз.