Ізіліктен із қалар

Уақыты: 01.10.2018
Оқылды: 937
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясына белсене атсалысты. Аталмыш  іс-шараны іске асыру мақсатында комиссия құрамы бекітіліп, ерікті топ өкілдері құрылды. 

Алғашқы кезекте 1-сынып табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің тізімі бекітіліп, жалпы оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталды.   1-11-сынып аралығында жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 14 оқушы, аз қамтылған 23, көп балалы отбасынан шыққан 122, толық емес отбасынан 70, жартылай жетім 27 оқушыға  көмек көрсетілді. 
Бұл орайда мекеме-ұйымдар, жекелеген азаматтар да мейлінше көмек қолын созды. Атап айтар болсақ, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша басқармасының басшысы Қайрат Ашуов бір оқушыға демеушілік көрсетіп, мектеп формасы, ақ жейде, сумка, аяқ-киім, спорттық форма және толықтай кеңсе заттарын табыс етті.
Боралдай кентінде орналасқан «Церковь Агапе» өкілі Наталье Назаренко жетім және аз қамтылған отбасы балаларына күздік және қыстық аяқкиім, қалың куртка, спорттық киімдер, оқу құрал-жабдықтарын алып берді. 
Боралдай кенті «Водник» ықшам ауданындағы «Арын Қажы» мешіті тарапынан көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылары балаларына мектеп формалары мен сөмкелер тарту етілді.
Мектеп директоры Салтанат Бектұрғанова бір оқушыны спорттық киім, қыстық аяқкиім, курткамен және мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. 
«Боралдай минеральды су» мекемесі екі оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтар, сөмке, спорттық киімдер мен спорттық аяқкиімдер алып берді. Жеке кәсіпкер Светлана Калабаева да оқушы қыздарды біршама қажетті заттармен қамтыды. Ата-аналар тарапынан да тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсетілді.
Жалпы акция барысында көмекке мұқтаж отбасының балаларына барынша көмек көрсетілді. Жиналған қаржыға толықтай кеңсе тауарлары алынып, таратылып берілді. Көмек көрсеткен демеушілерге Алғыс хат табыс етілді.


Шолпан Шынтөреева,
К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің мұғалімі
Іле ауданы