Айбыны асқақ Астана

Уақыты: 26.09.2016
Оқылды: 1554
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Шіркін, елімнің сар даласы қазақтың әр баласының көңіліндей дарқан, пейіліндей кең ғой. Осындай тұма табиғаттың, бауырмал ағайын-туыстың арасында өскен бізде еш арман жоқ шығар, сірә?!

Осыдан дәл жиырма бес жыл бұрын күллі қазақ бөркін аспанға атып қуанған еді. Ал­пыс екі тамырынан қазақ­тың қаны тулаған әрбіріміз үшін Тәуелсіздіктің Көк Туы қа­сиетті де киелі жерімізде жел­бі­регені үлкен жеңісіміз болды. Тәубе! Ширек ғасырда-ақ кеуде керіп мақтанарлық дәрежеге жеттік. Елдігімізді асқақ­тат­тық. Бүгінде Сары­ар­қаның сол­түстігінде, Есіл өзе­ні­нің бой­ында ор­на­лас­қан Ас­тана күллі қазақтың мақ­та­ны­шына айналды. Тәуел­сіз­дік­пен бірге Сарыарқа төріне ту тік­кен жа­ңа астана қазаққа қа­нат бітіріп, рухын аспандатты. Біле білсек, Алашқа арман бол­ған Астана – Хан Кененің ама­наты. Бұл ретте Қараөткелде бой көтер­ген Хан Кененің ең­се­лі, сәу­лет­ті, сұсты һәм ойлы ес­керт­кіші талай жайтты аң­ғарт­са керек. Осы ескерткіш ар­қы­лы қа­зақ­тың соңғы ханы хал­қы­мен қай­та қауышқандай.

Расында, бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғым­ға айналды. Батыс пен Шы­ғыстың ортасына, Ұлы Жі­бек жолының бойына, Еуразия ке­ңіс­­тігінің кіндігіне орна­лас­қан Астанамыз өз бойына бү­кіл­­әлемдік, жал­пыа­дам­зат­тық құн­дылықтарды жия білді. Соның нәтижесінде ұлт болып ұйысып, жұрт болып жараса алға жыл­жып келеміз. Елор­дамыз арқы­лы қазақ жерінің тұтастығы сақталды, қауіп­сіз­дігі қам­та­масыз етілді. Сеңді бұзып, ұлы көшті бастаған Астана қазақтың бұйығы тірлі­гіне жан бітірді, санасын сіл­кін­діріп, жүрегіне сенім ұя­латты. Бас қаламыз да хал­қымыз секілді кең, кеші­рімді, жайдары, бауырмал әрі қонақ­жай. Сонымен қатар Аста­на – жас, қайратты, асқақ, сым­батты, сергек, білім мен жар­қын дүниеге құштар. Ең бас­тысы, Астана – азат, еркін ой­лы. Кібір­тіктемей, кеңінен кө­сі­летін ол кез келген алпауыт мем­лекетпен терезесі тең тұ­рып сөйлесе алады. Әлемге әй­гілі болған бас қала арқылы қазақтың да абы­ройы асқақтап тұр. Оған кел­ті­рер дәлел көп. Соның бірі – 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қа­ла­­сын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп таныды. Бразилияда өткен дү­ние­жүзілік байқауда әлем бой­ынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты ие­лен­гені. Айта берсе, таусылмайтын қошеметтер мен марапаттар бар­шылық. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз.

Күллі Қазақстанның ныша­ны­на айналған Бәйтеректің өзін­де қаншама терең ой мен із­гі ниет жатыр. Қанша арман мен мақсат тоғысқанда қиял­дың кө­гершіні бірден елітіп, бо­ла­шақ­тың ауылына апарып са­ла­тын­дай. Ол болашақ, әри­не, Ел­ор­да­мызбен тікелей бай­ла­ны­сады.  

Көк түріктер Күлтегін ес­керт­кішіне: «Түрік қағаны Өтү­кен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақ­тай­сың сен. Сонда түркі хал­қы тоқ», – деп тасқа жазып қал­­дыр­ған. Одан беріде әл-Фа­­ра­би «па­расатты қаланы», Асан­қайғы «Жерұйықты» аң­са­ды. Ба­балар армандаған Өтү­кен мен Ергенеқон, ғұ­ла­ма-ой­шыл­­дар аңсаған пара­сат­ты қа­ла мен Жерұйық – со­ның бәрі бүгінде шын­дыққа ай­на­лып, Аста­на­мен астасып жат­­қандай…

Қазақстанның бүкіл кел­бетін көремін десеңіз, Аста­наға барыңыз. Қазақстан Рес­пуб­ликасының дамуы мен бо­лаша­ғын көзге елестетемін де­­сеңіз, Астанаға барыңыз. Ас­­­тана – елдің құт-береке да­рыған Ақор­дасы. Қазірдің өзін­де мил­лион­нан асқан тұр­ғыны бар елорда елдігіміздің, бірлігіміздің ұйыт­қысы.

Астананың тағдыры – қа­зақ­тың тағдыры, Астананың мәр­тебесі – қазақтың мерейі, Ас­тананың табысы – қа­зақ­тың жеңісі.  Астана – қазақ ұлы­сының айнасы. Өткен ширек ғасыр айдарынан жел ес­кен тәуелсіз елге айбыны ас­қақ Астананы тарту етті.

Еңлік КЕНЕБАЕВА