МАҢЫЗДЫ ШАРА

Уақыты: 21.08.2019
Оқылды: 736
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Аудандық тіл орталығы филиалы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі және емле ереже құрылымы мен құрылысы» атты семинар өткізді.


Оның жұмысын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айбол Нүсіпқожаев жүргізіп отырды. Семинарда тіл орталығының меңгерушісі Қаракөз Жексенбай, оқытушысы Айжан Қамырхан сөз алып, әр ауылдық округтерден келген мамандарға, мекеме қызметкерлеріне алдағы уақытта латын әліпбиіне көшудің маңызы жайлы айтып өтті. Қазіргі таңда кириллицаны 12 мемлекет қана пайдаланады. Ал, дүниежүзі халықтарының 80 пайызы латын әліпбиіне көшкен. Латын қарпі өркениетті ел болудың үрдісі. Ең бастысы, мемлекет болашағы болып саналар жастардың ағылшын тілін меңгеруіне бірден-бір жол ашады. Алдағы уақытта ауданда құрылған тіл орталығының мамандары латын әліпбиіне негізделген 1,5 айлық оқыту жұмыстарын қолға алатын болады. Бұл шын мәнінде өңірде латын әліпбиін меңгергісі келетіндерге қолайлы жағдай туғызбақ. 

Қанат БІРЖАНСАЛ