АКМ «Дәурен Абаевпен ашық сұхбат» бағдарламасының авторын жариялады

Уақыты: 27.03.2017
Оқылды: 1223
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

АКМ «Дәурен Абаевпен ашық сұхбат» бағдарламасының авторын жариялады

«Хабар» телеарнасында әр бейсенбі күні «Дәурен Абаевпен ашық сұхбат» бағдарламасы эфирде жарық көруде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық брифингінде Ақпарат және коммункациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов хабарлады.

«Әр бейсенбі күні кешкі сағат 20.50 аталған бағдарлама халық назарына ұсынылып отыр. Қазіргі таңда эфирді тарату уақытын ұзарту мәселесі жоспарда жоқ. Дегенмен, барша көрермендерді қойылатын сауалдарды кім дайындайды деген сұрақмазалайтыны сөзсіз. Бұл бағдарламаның авторы Михаил Дорофеев барлық сауалдарды реттеп отырады. Және де Михаил Дорофеев осы бағдарламаның шығуына мұрындық болғанын да атап өткім келеді»,-деді мекеме өкілі.

Айта кетсек, бұл бағдарлама маңызды тақырыптарды кеңінен талқылау негізінде таратылады. Бағдарлама аясында ақпараттық саясаттың жүзеге асырылу деңгейі,  жанар-жағар май құнының көтерілуі, білім беру саласын реформалау және тағы басқа мәселелер назардан тыс қалмай қамтылып отырады. 

Астана қаласы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар  министрлігі, Орталық коммуникациялар қызметі