АҚШИДЕГІ ҚУАНЫШ: ҮШЕМ ТУҒАН ОТБАСЫНА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 02.12.2021
Оқылды: 1447
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Іле ауданының Ақши ауылында 7 балалы отбасы баспаналы болды. Оның ішінде үшем де бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Ақши ауылының ортасынан «Дәулет-Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Дәулетов жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді. Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен наградталған», - делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үшемнің есімі - Мәлика, Мәдина, Мүслима. Ата-анасы ендігі балаларым жып-жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдіруде.

Айта кетейік, отбасындағы тағы 4 бала Ақши ауылының №8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, Мәймиевтердің қуанышымен бөлісті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"