Жаңа салған үйді ипотекаға беретін барлық банктің шарттары

Уақыты: 06.09.2024
Оқылды: 258
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жаңа құрылыстан пәтер алуға несие беретін Қазақстандағы банктерге хабарластық. Бағдарлама көп. Әдеттегідей, бір банк бірнешеуін ұсынады. Шарттары да аса қатал емес. Кейбірі тіпті пайызсыз не бастапқы жарнасыз несие береді екен.

Жаңа құрылыстан пәтер алу үшін ипотека беретін банктер
Олардың саны жетеу:
— Еуразиялық банк;
— Altyn;
— Halyk;
— ЦентрКредит;
— Фридом Банк Қазақстан;
— ForteBank;
— Отбасы
.

Бұл тізімде Нұрбанк жоқ, ол қолдан үй алатындарға несие береді және өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге арналған бағдарламалары бар.

Еуразиялық банк тек «7-20-25» бағдарламасын ұсынады.

Оның шарттарын еске салайық:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 25 жылға дейін;
— максимал сомасы — Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкентте 25 млн тг; басқа өңірлерде 15 млн теңге;
— мөлшерлемесі — 7 %.

Банктер ұсынған ипотека:
Алты банкте жаңа салынған үйді несиеге алуға болатын бірнеше бағдарлама бар:

  • өзіндік (банк ұсынған);
  • серіктестік (құрылыс салушымен бірге);
  • мемлекеттік (мысалы, «7-20-25»).

Екінші нарықтан үй алу үшін берілетін несие шарттарына шолу:

Екінші нарықтағы үйге ипотека алу: барлық банктің шарттары

Жаңа үйге арналған ипотека шарттары

Бағдарлама көп болғандықтан, шарт та, пайыз да алуан түрлі.
— мөлшерлемесі — жылына 0.1-ден 21 %-ға дейін;
— мерзімі — 6 айдан 20 жылға дейін;
— бастапқы жарнасы — 20 %-дан басталады, бірақ қосымша кепілзат болса, онсыз да кредит рәсімдеуге болатын бағдарлама бар.

Пәтерге қатысты талаптар

— Банктердің көбі дайын кешендегі пәтерді ғана қарастырады.
— Тұрғын үй кешені әлі қолданысқа берілмесе, кейбір банк қосымша кепілзат сұрайды не Қазақстан тұрғын үй компаниясының берген кепілдікті талап етеді.

Altyn Bank

Мұнда «7-20-25-ті» қосқанда төрт бағдарлама бойынша жаңа үйден баспана алуға болады.

  • Банктің өз бағдарламасы.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 20 жылға дейін;
— максимал сомасы — 175 млн тг;
— мөлшерлемесі — банк комиссиясы (несие сомасының 1.99 %-ы) қосылса, 14 %, және 19 % (комиссиясыз).

  • Цифрлық ипотека.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 20 жылға дейін;
— максимал сомасы — 80 млн тг;
— мөлшерлемесі — 14-тен 21 %-ға дейін.

Цифрлық ипотеканың ерекшелігі сол, оны өтінім берген сәттен бүкіл құжатқа қол қойғанға дейінгі барлық кезеңде онлайн рәсімдеуге болады. Тек нотариусқа өзіңіз барасыз.

Талаптары
Банк дайын кешеннен пәтер алуға рұқсат береді. Құрылысы аяқталмаған үйден мүлік таңдауға да болады, бірақ қосымша кепілзат керек. Қосымша кепілзат ретінде 1975 жылдан кейін салынған пәтер не жер үй қабылданады. Материалы монолит, кірпіш не панель болуға тиіс және қала ішінде орналасуы қажет. Кепілде тұратын мүліктің құны сіз сатып алатын пәтермен шамалас болғаны маңызды.

  • Серіктестік ипотека.

Бұл бағдарламаның шарттары серіктес компанияға байланысты әртүрлі болады.

Банктің BAZIS-A («Тамаша» ипотекасы) және BI Group-пен («Оңай» ипотекасы) бірлесе ұсынатын екі бағдарламасы бар.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 0 % («Тамаша») және 20 % («Оңай»);
— мерзімі — 20 жылға дейін;
— максимал сомасы — 80 млн тг;
— мөлшерлемесі — 0.1-ден 17 %-ға дейін.

Несие беру шарты тікелей ипотека мерзімі мен бастапқы жарнаға байланысты. Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп, қарыз мерзімі барынша аз болса, пайызы да соғұрлым төмен болады.

Мысалы, пәтер құнының 60 %-ын беріп, бір жылдан аспайтын уақытқа кредит алсаңыз, мөлшерлемесі 0.1 %-дан аспайды.

Банк ипотеканы белгілі бір кешендегі (әр қалада 60-қа жуық ТК бар) пәтерге ғана рәсімдейді. Дайынын да, құрылысы аяқталмағанын да қарастыра аласыз.

Бастапқы жарна сұралмайтын ипотека бар, бірақ ол үшін құны шамалас жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға тура келеді.

Altyn Bank 30-дан аса құрылыс салушымен (Hayat Construction, К7 group, Otau Group, Sensata Group, RAMS Qazaqstan, «Мой Дом MWC», Saba Group KZ және басқа) жұмыс істейді. Несие шарттары бәрінде бірдей емес. Бірақ көп жағдайда 10 %-бен кредит алуға болады.

Halyk Bank (Народный)

Қазір банк «7-20-25-ті» қосқанда төрт бағдарлама ұсынып отыр.

  • Halyk ипотека.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 20 жылға дейін;
— максимал сомасы — қарыз алушының төлем қабілетіне байланысты;
— мөлшерлемесі — банк комиссиясы қосылса 17.5 %, ал комиссиясыз — 18.5 %.

Қосымша кепілзат болса, бастапқы жарнасыз-ақ кредит рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Талаптары
Дайын тұрғын үй кешеніндегі не Қазақстан тұрғын үй компаниясы кепілдік берсе, құрылысы жүріп жатқан кешендегі пәтер жарайды.

  • Серіктестік бағдарламалар.

Қазір олардың саны екеу:

1. BI Group ұсынған дайын баспана

Банк құрылыс компаниясының Алматы, Астана және Шымкенттегі қолданысқа берілген кешендерінен пәтер алу үшін несие береді. 30-ға жуық кешен арасынан таңдау жасай аласыз.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 1 жылдан 20 жылға дейін;
— мөлшерлемесі — 0.1 %-дан басталады.

Бастапқы жарна пәтер құнының кемінде 60 %-ын құраса және несие мерзімі бір жылдан аспаса, 0.1 % мөлшерлемемен несие алуға болады.

2. BAZIS-A ұсынған салынып жатқан баспана

Алматыда салынып жатқан төрт тұрғын үй кешенінен пәтер таңдауға болады.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 6 айдан 20 жылға дейін;
— мөлшерлемесі — 17.5 %-дан басталады.

ЦентрКредит Банкі

ЦентрКредитте «7-20-25-ті» қосқанда, бірінші нарықтағы тұрғын үйге ипотека беретін төрт бағдарлама бар.

  • Ипотека және Ипотека Плюс.

Бағдарламалардың шарттары бірдей болғандықтан біріктірдік:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 15 жылға дейін;
— максимал сомасы — 25-100 млн тг (бастапқы жарнаға және аймаққа байланысты);
— мөлшерлемесі — 17.5 %-дан басталады.

Бастапқы жарна орнына банк қосымша кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қабылдайды.

Пәтерге қойылатын жалғыз талап — тұрғын үй кешені пайдалануға берілген болуы керек. Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешенінен тек мына бағдарламалар арқылы пәтер таңдауға болады:

  • Ипотека ҮҚШ (үлестік қатысу шарты).

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 15 жылға дейін;
— максимал сомасы — 25-80 млн тг (бастапқы жарнаға және аймаққа байланысты);
— мөлшерлемесі — 17.5 %-дан басталады.

Бұл бағдарлама бойынша тек аккредитация алған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие беріледі. Тізім банк сайтында бар. Оған әртүрлі қаладағы 80-нен астам тұрғын үй кешені кіреді.

  • Серіктестік ипотека.

ЦентрКредит банкінде дайын және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне арналған екі серіктестік бағдарлама бар. Несие беру шарттары бірдей. Банк көптеген құрылыс салушымен серіктестік орнатқан, сондықтан Қазақстандағы әртүрлі тұрғын үй кешенінен пәтерді ипотекаға алуға болады. Құрылыс салушы-серіктестердің тізімін мына сілтемемен табуға болады. Онда 500-ден астам кешен бар.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 15 жылға дейін;
— мөлшерлемесі — 5.1-18.5 %.

Ең төменгі мөлшерлемемен несие алу үшін бастапқы жарна (70 %-дан бастап) көп болуы керек және ипотеканы барынша жылдам жапқан абзал (әр тұрғын үй кешенінің шарттары ерекшеленеді).

Фридом Банк Қазақстан

Банк бірінші нарықтағы тұрғын үйге арналған үш бағдарлама ұсынады, оның ішінде «7-20-25» те бар.

  • Каскадты ипотека.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 3-20 жыл;
— максимал сомасы — 35 млн тг;
— мөлшерлемесі — 7.2-16.4 %.

Пайызы аз несиені бастапқы жарна 50 % және одан жоғары болған жағдайда ғана алуға болады.

Құрылыс салушы (банк серіктесі) ұсынған тұрғын үй кешендерінің тізімі (олардың саны 40-тан асады).
Каскадты ипотеканың ерекшелігі — несие мөлшерлемесі барлық мерзім бойы өзгереді. Алдымен ол төмен болады, кейін көтеріледі. Несие мерзімі неғұрлым қысқа болса, соғұрлым аз төлем жасайсыз.

Мысалы, бастапқы жарна 50 % болатын ипотеканы жеті жылға алсаңыз, алғашқы үш жыл мөлшерлеме 7 % болады. Содан кейін ол 9 %-ға дейін көтеріледі және бір жылдан соң 19 %-ға дейін өседі.

  • Жаңа құрылыстағы пәтерге арналған цифрлы ипотека.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 20 %-дан басталады;
— мерзімі — 3-20 жыл;
— максимал сомасы — 70 млн тг;
— мөлшерлемесі — 17.2 %-дан басталады.

Құрылыс салушы (банк серіктесі) ұсынған тұрғын үй кешендерінен ғана алуға болады.

ForteBank

Жаңа үйге банк бағдарламасы және «7-20-25» арқылы несие береді.

Шарттары:
— бастапқы жарна — 15 %-дан басталады;
— мерзімі — 3-20 жыл;
— максимал сомасы — 200 млн тг;
— мөлшерлемесі — 17.5-19.5 %.

Талаптар
Пәтер тек пайдалануға берілген тұрғын үй кешенінде болуы керек.
Қала ішіндегі және қала маңындағы тұрғын үй кешендерін қарастырады.

Отбасы банк

Отбасы банкте өзіндік несие жүйесі бар. Ипотека тек депозит болған жағдайда беріледі. Оған тұрғын үй құнының кемінде 50 %-ын жинау қажет. Бір реттік қаражат салу мүмкіндігі бар, бірақ ақша шотта алты ай жатуы керек.
Екі түрлі несие бар: аралық және тұрғын үй.

  • Аралық

Мөлшерлемесі — 6-10 %.
Тұрғын үй құнының 50 %-ы депозитте жиналған және ақша банкте кемінде үш ай жатқан жағдайда беріледі.
Үш жылдан кейін аралық несие тұрғын үй несиесіне айналады.

  • Тұрғын үй

Мөлшерлемесі — 3.5-5 %.
Аралық несие рәсімдемеуге болады, бірақ ол үшін депозит ашқаныңызға кемінде үш жыл болуы керек.
Пайдалануға берілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтер, сондай-ақ ҚТК кепілдігі болса, әлі салынып жатқан тұрғын үй кешендері де жарайды.

  • «30/70» бағдарламасы

Отбасы банкте «30/70» бағдарламасы бар. Бұл банктің жеке бағдарламасы.
Шарттары:
— бастапқы жарна — 30 %-дан басталады;
— мөлшерлемесі — 7 %-дан басталады, кейін 4 %-ға төмендейді.

Пәтерді тек банкпен келісім жасаған құрылыс салушыдан сатып алуға болады.

Автор: krisha.kz сайты