ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Уақыты: 23.01.2019
Оқылды: 1734
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков халық алдындағы есебін ауылдардан бастады. Жиын Заречный ауылдық округінен басталып, Шеңгелді ауылында жалғасты. Ауыл әкімдері жыл бойы жүргізілген жұмыстарды бағамдап, келешекте атқарылар істерді баяндады.

Талғат Қанатұлы өңірде жасалған жұмыстары мен болашақ жоспарларын кеңінен таныстырды. Айтуынша, қала әлеуетін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілген. Алғашқысы өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы бағыты. Өнеркәсіптік өнімінің көлемі 2018 жылы 67,0 млрд. теңгені құраған. Жыл басынан өнеркәсіп саласында жаңа ашылған кешендер мен кеңейту жұмыстарының есебінен 237 жұмыс орны ашылған. Бұған макарон өнімдерін шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Қапшағай гранит», «Сарыбұлақ ЖЭС» ЖШС және «Кербұлақ ЖЭС» ЖШС сияқты кәсіпорындар өз үлестерін қосуда. 
Ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 12,6 млрд. теңгені құраған. Егістік пен мал шаруашылығында өсу байқалады. Қант қызылшасының егістік көлемі 700 гектарға жетіп, 21 400 тонна тәтті түбір жиналған. Қажетті ауылшаруашылығы техникасымен қамтылған «Ақөзек» ЖШС қызметтік-әзірлеу орталығы іске қосылып, 7 жұмыс орны ашылған. Қапшағайдың Солтүстік су қоймасында «Еуразия Фритс» ЖШС сорғы стансысын құру жоспарлануда. «Грин Лэнд Алатау» ЖШС 10 гектар жерді құрайтын фермерлік нысанның 3-ші кезегінің кеңейту жұмысын қолға алмақ. 
Жиын соңында тұрғындар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша уәде берілген ауқымды жобалардың жүзеге асқанын ескеріп, қала әкімінің жұмысына оң баға берді.

М. ТӘЖМАҒАНБЕТОВА
Қапшағай қаласы