ТАЛДЫҚОРҒАН ГАРНИЗОНЫ АРДАГЕР КІТАПХАНАШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 06.10.2022
Оқылды: 3131
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған гарнизонының әскерилері қарияларды назардан тыс қалдырған емес.

Талдықорған сарбаздары 18404 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімшесі мен отбасымен жұмыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Айсұлу Жұмакееваның ұйымдастыруымен Қарулы Күштерде 30 жыл кітапханашы болып істеген Любовь Чудновецті құттықтап, ұлағатты әңгімелерін тыңдап қайтты. Сондай-ақ, әскери ұжым қартымызға әдемі гүл шоқтарын сыйлап, жылы лебізін білдірді.

– Қажырлы еңбектің жемісі қазыналы қарттық шақ екені анық. Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және әрқашан бізге ақылшы болып, аман-сау жүре беруіңізге шын жүректен тілектеспіз, – дейді 18404 әскери бөлімінің отбасымен жұмыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Айсұлу Жұмакеева.

Әскерилердің құрметіне марқайған қартымыз жылы лебізін білдіріп, батасын берді.

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі

Жетісу облысы