ТАҒАЙЫНДАУ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 01.11.2022
Оқылды: 1425
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дәулет Шайтұрсынұлы 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары.

2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2022 жылы Тұран университетін бизнес және басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қызылорда Отын» ЖШС директорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, осы аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"