Әр салада тамыр-таныс емес, өз ісінің маманы отыруы керек – Мақсат Толықбай.

Уақыты: 02.04.2024
Оқылды: 1761
Бөлім: САЯСАТ

Депутат Мақсат Толықбай "1001 түн" бағдарламасында суға кеткен өңірлердегі сорақы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Депутат әр салада тамыр-таныс емес, өз ісінің маманы отыруы керек екенін айтады.

"Ойылдағы жағдай өте қиын. Өкініштісі, кейбір ауылдарда резервте не қайық, не су етігі жоқ. Төтенше жағдайға арналған жабдықтар жазылып тұруы керек. Бұл жерде министрліктің нормативі орындалмаған. Екіншіден, өңірлерде су мамандары жоқтың қасы. Олар жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Әр салада тамыр-таныс емес, өз ісінің маманы отыруы керек", - дейді Мақсат Толықбай. 

Фото: Аманат партиясы