ФИЗИКТЕР МЕН МАТЕМАТИКТЕР ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 17.11.2022
Оқылды: 1203
Бөлім: РУХАНИЯТ

Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернатында «Кәсіби құзыреттілікті арттыру траекториясы» жобасы аясында тәжірибелік шара өткізілді.

Шара Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты базасында ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада аталған лицей-интернаттың математика және физика пәні мұғалімдері өзара іс-тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Тәжірибелік алаңға 45 педагог қатысты. Айта кетейік, тәжірибе алмасу шарасы Алматы облыстық білім басқармасының білім сапасын арттырудың «ЖОЛ КАРТАСЫ» жобасына сәйкес өткізілді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"