АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 220-ҒА ЖЕТТІ

Уақыты: 01.04.2021
Оқылды: 1064
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустың 220 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл жайында "Жетісу" газеті хабарлады.

Облыста өсім қарқыны 1,6 пайызды құрады. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, аймақта барлығы 13 мың 697 зертханалық расталған КВИ (коронавирустық инфекция) анықталды. Оның ішінде, 6492 адамның симптомды белгілері бар.

Жүз мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 640,8-ге жетті. Облыста сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Текелі, Талдықорған қалалары мен Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Ақсу аудандарында байқалады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан