АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУДАН ӘКІМІ АУЫСТЫ: КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Уақыты: 02.04.2021
Оқылды: 956
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерлан Исабеков Қаратал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл жайында "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Ерлан Шойұлы 1977 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде және «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Джорджтаун университетінде оқып, математик, қолданбалы математика саласының маманы мамандығын және математика, экономика магистрі ғылыми дәрежелерін алған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №131 мектеп-лицейінде математика мұғалімі болып бастаған. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі сараптама және болжау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Кедендік кірістер департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жинақтау-сараптама,  методология және талдау, талдау және есеп, қаржыны басқаруды мемлекеттік бақылау бөлімдері меңгерушілерінің орынбасары, жұртшылықпен байланыс және сыртқы байланыстарды үйлестіру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың сәуірінен Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі болған.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаратал ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"