ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПӘТЕР ӨРТЕНІП, 36 АДАМ БАСПАЛДАҚ АРҚЫЛЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Уақыты: 03.04.2021
Оқылды: 795
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жұма күні кешкі сағат 16.58-де Талдықорған қаласында "Болашақ" шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде 3 шаршы метр алаңда өрт болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт салдарынан балконда және бөлме ішінде құрылыс қалдықтары жанған. Алматы облысы төтенше жағдай департаменті күшімен баспалдақ маршы бойынша 36 адам, оның ішінде, 12 бала эвакуацияланды.

Сағат 17.19-да өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан