Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛҒАРДА ҚАЛТАҒА ҚОЛ СҰҒЫП, ТЕЛЕФОН ҰРЛАЙТЫН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 04.04.2021
Оқылды: 504

Талғар ауданының полицейлері қалтадан ұялы телефонды қолды қылған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Наурыз айының басында Талғар ауданының 42 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазып, қоғамдық автобуста қалтасындағы ұялы телефонынан айырылып қалғанын хабарлаған. Ұялы телефонды табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы жігітті ұстады.

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті деп танылған Талғар қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды, - деді Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиядин.

Тергеу барысында зардап шегушіге 85 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келгені анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды