СУ ТАСҚЫНЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ! ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 03.04.2021
Оқылды: 467
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде, оң температуралық фон мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тау өзендері бойынша 2021 жылғы 4-5 сәуір аралығында жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтеді деп күтілуде. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына мән беруге шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан