КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢБЫР МЕН БҰРШАҚ ЖАУЫП, СОҢЫ СЕЛГЕ ҰЛАСТЫ

Уақыты: 16.07.2021
Оқылды: 1051
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрді.

Селдің видеосы желіде тарады. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде болған.

«Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күн сайын облыс аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел болатыны туралы ескерту жариялады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"