ТАЛҒАРДА ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ОШАҒЫ ТІРКЕЛДІ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 818
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданындағы жер сілкінісі туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы уақытымен 14 сағат 48 минутта сезімталдығы жоқ жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 44 шақырым жерде, Талғар ауданының аумағында, таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.4. MPV магнитудасы - 4.0. Эпицентрдің координаттары - 43.20° с.ш. 77.46° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ. Құрбан болғандар туралы мәлімет тіркелмеді.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезінде мына ережелерді ұстану туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"