ІЛЕ АЛАТАУЫНДА ШЫҢҒА ШЫҒЫП, ҚАЙТАДАН ТҮСЕ АЛМАЙ ҚАЛҒАН ТУРИСТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 19.07.2021
Оқылды: 1198
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле Алатауында турист құтқарылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгін Іле Алатауында, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының көмегімен (РЖҚЖ) 1993 жылы туған ер адам табылды. Ол 17 шілде күні М.Мәметова көлінің жағасына түнеуге көтерілген, содан кейін М.Мәметованың шыңына шығып, өздігінен түсе алмай қалған. Осыдан кейін досына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақыруды өтінген.

Құтқарушыларға көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама 18 шілде күні, сағат 19.40-та Алматы облысының ТЖД-ға келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ, Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарылған ер адам медициналық көмекке қажет емес.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"